52
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым
мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің
негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму,
халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау
саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес
саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992
жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ
құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді
жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-
экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының
шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және
бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және
экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты
экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақстанның қатысуы әлемдік
рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын
реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық
ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың
жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға
арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан
Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру
және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді
(Қ.Тоқаев).
Достарыңызбен бөлісу: