А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет49/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

8.
 
Сөйлемді толықтырыңыз. Қазіргі дүние жүзінің ... 200-ден астам 
мемлекеттік құрылым бар
 
A)
 
саяси картада 
B) саяси картаның 
C) саяси карталары 
D) саяси картасында 
Е) саяси картасымен 
9. Сөйлемді толықтырыңыз. Мемлекеттер бір-бірінің ... құрметтеуі 
тиіс 
A) егемендікті 
B) егемендігін 
C) тәуелсіздікті 
D) тәуелсіздігін 
Е) аумақтық тұтастығын 


51 
10. Дұрыс аудармасын табыңыз: демаркация границы 
A)
 
Шекараны түзету 
B) Шекараны жүргізу 
C) Шекаралық шарттар 
D) Шекараны айқындау 
Е) Шекараны қайта жүргізу 
 
10-сабақ 
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР 
 
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
Қандай халықаралық ұйымдарды білесіз? 
2
Халықаралық ұйымдар қандай мақсаттарда құрылуы мүмкін? 
3
Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? 
4
Халықарлық ұйымдарға мүше болу Қазақстанға тиімді ме? 
Ойыңызды нақты деректермен дәйектеңіз. 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. 
 
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР 
Саясаттың ғаламдануы 
ұлттық мемлекеттердің 
халықаралық 
қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және 
ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас 
алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал 
етуде.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси 
күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан 
ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әртүрлі интеграциялық топтардың 
жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық 
проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге 
ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы 
жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың 
қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның 
ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция 
ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде 
тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған 
және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер 
бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. 
Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық 
Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің 
БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея 
қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.


52 
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым 
мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің 
негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, 
халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау 
саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес 
саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді.
Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 
жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ 
құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді 
жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-
экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының 
шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және 
бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады. 
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және 
экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты 
экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. 
Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақстанның қатысуы әлемдік 
рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын 
реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық 
ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың 
жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға 
арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан 
Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру 
және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты 
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді 
(Қ.Тоқаев). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет