М.Қалтаев шығармашылығына тән басты ерекшелік адамдық,
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті
қолдайтыны. Мақыш – өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін
қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде
жазуға бейім ақын. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы,
мазмұн байлығы көбіне уақыт тынысын тап басып, замана құбылысын
дәл танып, өз өлеңдерінде күрделі ойларды арқау еткен пікірлер
толғайтынынан көрініс табады. М.Қалтаев поэзиясында жалаң
дидактиканың көрініс беріп қалатынын жасыруға болмайды. Ақынның
тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы да бар. Өлең жолдары араб,
парсы, татар тілдеріндегі сөздермен араласып кетіп, қазақ тіліне тән
ұйқас, үндестік заңдары бұзылып отырады.
Жалпы алғанда, М.Қалтаев – өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді
қозғап, халықты оятуға күш салып, өнерғылымды насихаттап,
ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын.
Достарыңызбен бөлісу: