тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ
халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын терме“ (1915),
“Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917)
т.б.) ХХ ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Ақын неге екені
белгісіз күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір
мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын
шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы екендігі
шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық
сарынның мол болуынан көрініс табады. Жастайынан ел басындағы
ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңдерінде ел билеген
әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды
еркін сынап отырады. Оның “Бөрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір
молдаға“ т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген.
Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы
әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орыны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек
Сабалаұлы тәрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып,
немесе бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-
қайсысында болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар өріс
тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде діни-
ағартушы ақындар өзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың
шығармашылығы көлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан
мейлінше бай болып келеді. Талант, дарындары әрқилы ақындардың,
өзіндік қолтаңбалары да әр-қилы. Бұларды біріктіретін басты белгі –
діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-мұраттары.
Достарыңызбен бөлісу: