офоризмдері, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа
келгенше» толғамдары және «Әділ мен Мария» романдары.
Шәкәрім әңгімелері шығыстық мазмұнда,
халық ауыз әдебиетінің
үлгісімен жазылған ғибраттық-дидактикалық сарындағы дүниелер.
Автордың қай әңгімесін алсақ та, байқалатын ерекшелік шағын ғана
оқиға, аз сөзден ғибраттық үлгі алатын қорытынды жасап отыруы.
Шәкәрімнің шағын прозалық шығармаларында бірде адам болмысын,
тағдырын жан-жақты суреттеуге тырысса енді бірде күнделікті өмір
құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары туралы толғамды
ой жүйеленеді. Қара сөзді шығармаларының ішінде көлемі жағынан
да, көтерген мәселесі жағынан да ауқымдысы «Әділ мен Мария»
романы. Автор шығармасын «Қайғылы роман» деп те атаған. Ақын
бұл қайғылы романды 1925 жылы май айында,
Шыңғыс тауының
сыртындағы Шақпақта 67 жасында жазған. Романда ескі қазақ
ауылының 1910 жылдардағы өмір тұрмысы, сол кездегі әлеуметтік
теңсіздік суреттері, сүйгеніне қосылса да
зорлық пен әділетсіздіктің
құрбаны болған. Әйел тағдыры шыншылдықпен суреттеледі.
Романның идеялық нысанасымен әлеуметтік астарына келетін болсақ,
мұндада қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі, махаббат еркіндігі
жолындағы күресі арқау болған.
Шәкәрім шығармасын оқи отырып, сол кездегі халықтың тұрмыс-
тіршілігін, әдет-ғұрпын,
этнографиясын, салт-дәстүрін қоршаған орта
табиғатын ұтымды пайдаланғанын байқаймыз. Ш. ҚҰдайбердиевтің
«Әділ мен Мария» атты прозалық шығармасы – ұлттық әдебиетімізді
байытқан, өз заманының шындығын дәл, шынайы жеткізе білген,
біздің әдебиеті тарихымызлдан
өзіне лайық орын алуға тиіс, көркем
шығармалардың бірі.
Сонымен Шәкәрім - әдебиеттің көптеген жанрларында туындылар
жасаған қаламгер. Шығармашылығының басты тақырыптары сол
кездегі қазақ қоғамының бір саласын қамтыған. Ол әсіресе, Абай
үлгісін шашуда елеулі еңбек етті. Сондықтан Абай дәстүріндегі
көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен
қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалар туғызды.
Абай ұстанған
ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: