еткен дидактикалық сарындағы өлеңдері де бар (“Ақыл”, “Дүние
туралы”, “Өлім туралы”, “Нәпсіге”, “Иман туралы” т.б.). Бұл топтағы
өлеңдерінде Әріп тақырып ретінде алынған мәселелер туралы өзіндік
көзқарасын танытады. Онда діни тұжырымдар басымдау шығып
жатады.
Әріптің “Біржан мен Сара айтысына” қатысы бар.
Кейбір
зерттеушілер осы айтысты шығарған немесе әдеби өңдеген Әріп деген
пікірді ұстанады. Оған дәлел ретінде Қазандағы баспаға 1898 жылы
Зайсаннан жіберілген қолжазбаны айтады. Қанша дегенменде Сара
мен Әріп арасындағы адамгершілік, достық
қатынастар болғандығы
рас. Бірақ айтысқа Әріптің қатысы туралы пікір-талас әлі бір жақты
шешіле қойған жоқ. Әріп Кеңес тұсында да бірді-екілі өлеңдер жазған.
Бірақ шығармашылықпен толыққанды күйде айналыспаған.
Достарыңызбен бөлісу: