сөз бастады. Азатшылдық тұрғысынан келгенде Нарманбеттің мақсаты
айқын, бағыты анық. Ол – тек азаттыққа қол жеткізу. Кей-кейде
ақынның бұған күмәнмен қарайтын тұстары да бар. Ондайда қайғы-
мұңға беріліп, зар заман ақындарының сүрлеуіне түсіп кетіп, шыға
алмай қалып жатады. “Өтті-ау дәурен, Аңдып сырт, кетті-ау көңіл
тына алмай” деген өлең жолдары осының куәсі. Бірақ бұл сарын
Нарманбетте өте аз кездеседі. Себебі ол – ел басындағы қасіретке кім
кінәлі екенін тап басып тани білген ақын. “Айырылып қалдық
қоныстан, Бекініп низам шықпай тұр, әлі бізге орыстан” (“Аждаһаның
аузында”) деген өлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы
кімнің қолында екенін ашық та анық айтқан.
Нарманбет – шығармашылық болмысы терең, өнерпаздық өрісі кең
ақын. Алуан түрлі тақырыптар ішінде ақынның жанына жақыны –
азатшылдық күрес тақырыбы. Жалпы ұлт-азатшылдық бағыттың
бастау көзінде осы – Нарманбет Орманбетов тұрғаны анық. Оған
ешкімнің таласы болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: