Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Сәбит Дөнентаев (1894-1933)



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
annotation124256

 
Сәбит Дөнентаев (1894-1933). 
Кереку өңірінде дүниеге келген. 
“Уақ-түйек” (1915) - алғашқы өлеңдер жинағы. Поэзиясының басты 


тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік. Ақын өлеңдерінде сыншыл реалистік 
сипаттар басым келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, “Менің жайым”). 
1917 жылғы февраль революциясын шынайы түсінді (“Бостандық”). 
Ақынның шығармашылық ғұмырнамасын дәуірлеудің басты белгісі – 
ақынның көзқарас эволюциясы. Абай мен Тоқай және орыс, батыс 
классиктерінен үлгі-өнеге алып өскен. Шығармашылығының басты 
бағыты – ағартушы-демократтық бағыт. 1920 жылға дейінгі 
аралықтағы поэзиясында ұлтжандылық сарын бар (“Адасыппыз”, 
“Сарыарқа анамызға” т.б.). Кеңес дәуіріндегі ірі өзгерістерді де 
поэзиясына арқау ете білді. 
Сәбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуына айтулы үлес 
қосты (“Бозторғай”, “Ыбылыс пен шайтан”, “Ауырған Арыстан”, “Екі 
теке”, “У жеген қасқырға”, “Көзі тоймайтын ит” т.б.). Ақын 
мысалдарының тақырып өзегінің арналары әралуан. Ақынның 
шығармашылығынан өлең-фельетондар да орын алады. Сәбит 
публицистикасының тақырып ауқымы өте кең. “Көркемтай” атты 
әңгімесінің көркемдік жетістігі айтарлықтай.
Кеңес тұсында біраз шығармашылық ізденістерге барды. Алғашқы 
тұста біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық белсенділігі 
арта түсті. Революция жеңістерін, кеңес өкіметі әкелген жетістіктерді 
жырлады. С.Дөнентаев поэзиясында өзіне тән ойшылдық сипаттар да 
кездеседі (“Қиял”, “Ой”). Ақындық қолтаңбасының өзіндік ерекшелігі 
ретінде оқиғалы шағын өлеңге шеберлігін айтуға болады. 
Шығармашылығында негізінен сыншыл реализм бой көрсетеді. ХХ 
ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде Сәбит Дөнентаевтың өзіндік 
орны бар. 
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен
тапсырмалар

1.
ХХ ғасыр бас кезіндегі ағартушы-демократтық бағыттың 
сипаты. 
2. Бағыттың көрнекті өкілдері және шығармашылығы. 
3. Олардың әдебиеттегі өзіндік орны. 
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушы-демократтық 
бағыттың басты ерекшеліктері. 


5. ХХ ғасыр басындағы жазба әдебиеттің өркендеуіне қосқан үлесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет