Үй жұмысы: Абай Құнанбаев туралы слайд және қосымша мәлімет



Дата13.12.2016
өлшемі14,8 Kb.
#3716

Үй жұмысы: Абай Құнанбаев туралы слайд және қосымша мәлімет.

  • Үй жұмысы: Абай Құнанбаев туралы слайд және қосымша мәлімет.
  • Асыл сөзді іздесең,
  • Абайды оқы, ерінбе.
  • Адамдықты көздесең,
  • Жаттап тоқы көңілге.
  • С.Торайғыров

Қаңтардың жиырма сегізі Сынып жұмысы Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары “Улы сия, ащы тіл” Он бірінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
  • Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
  • Тәрбиелік: Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
  • Әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
  • Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
  • ақын
  • аудармашы
  • ойшыл
  • философ
  • қоғам кайраткері
  • сазгер
  • Абай ХІХ ғасырдың 90 жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай болды.
  • Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес - ғақлиялық даналық сөздер.Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, философ ғалымдар Сократ, Аристотель, Шығыстың ойшылдары Фердоуси, Шамси, т.б. еңбектерін оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен.
  • Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар бір бағытта жазылмаған. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, кейбіреуі ауқымды, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп,сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Ақынның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен оның қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. әлем тілдеріне аударылды.

Абай туралы сөз

  • Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай  ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай  теңдессіз құбылыс.
  • Қайсын Кулиев
  •                                                                                    
  • Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.
  •                                                                     Ахмет Байтұрсынұлы
  •             Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
  •                                                                               Мұхтар Әуезов

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

  • Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
  •                         Жырымен жан сусынын қандырған кім?
  •                         Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
  •                         Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
  •                         Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
  •                        Талабын тас қияға өрлеткен кім?
  •                       Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
  •                       Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
  • Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
  •                        Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
  •                        Арманын атандырып келешекке ,
  •                        Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
  •                        Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
  •                        Жауына найза сөзін шанышқан кім?
  •                        Өзендей  құйған  барын көк теңізге,
  •                        Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Сұраулы шеңбер

  • 1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?
  • ( Көкбай ).
  • 2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?
  • ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).
  • 3. Абайдың шын аты кім?
  • (Ибраһим).
  • 4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.
  • ( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
  • 5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.
  • («Әзім әңгімесі».)
  • 6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?
  • (Жиырма жеті шығарма аударған).
  • 7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
  • ( Зере, Ұлжан.)
  • 8. Ділдәдән туған балалары.
  • (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
  • 9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
  • ( Ахмет  Байтұрсынов).
  • 10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
  • (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?

  • 11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?
  • ( 1909 жылы Петербургта).
  • 12. « Абай жолы» романын кім жазды?
  • ( Мұхтар Әуезов).
  • 13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?
  • (Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
  • 14.Абай кімге ғашық болды?
  • (Тоқжанға)
  • 15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?
  • (Абайдың ағасының баласы.)
  • Туған елінің,Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

  • Шығармашылық тапсырма
  • І тапсырма
  • Он бірінші қара сөзден кейінгі тобықтай ой.
  • ІІ тапсырма
  • Абай Құнанбаев туралы эссе жазу.

Үйге тапсырма: Абай атамызға арнап өлең шығару.

  • Үйге тапсырма: Абай атамызға арнап өлең шығару.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет