"Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" атты тақырыбы аясында өрбіді. Апталық мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі84,57 Kb.
#46670
Өтілген тарих апталығы туралы ақпарат.
Мектепте желтоқсан айының 4-9 жұлдызы аралығында мектепішілік тарих апталығы өтті. Апталық "Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" атты тақырыбы аясында өрбіді.

Апталық мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау,ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, өткеннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу. Апталықтың ашылу салтанатына орай сап түзеу болды. Бұл сап түзеу барысында апта бойында өткізілетін іс-шаралармен оқушылар, мұғалімдер қауымы таныстырылды.Сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Барлық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді.Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс сабақтары жоғары деңгейде өтті. Тарих пән мұғалімдері сабақта жаңа тиімді таңғалықты әдістермен қызықты тапсырмалардың көптеген түрлерін қолданды. Бөлімдері бірнеше кезеңдерден тұрып, барлық тапсырмалар проектормен көрсетіп отырды. Оқушылар өз беттерімен топтасып ,жеке, жұппен белсенді жұмыс жасай білді.

5-6 сынып оқушылары "Менің елім-Қазақстан" қабырға газетін шығарды, онда орта буын оқушыларының көздерімен көрінетін ел тарихының негізгі кезеңдері көрсетілді.

6-8 сынып арасында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақта қолдануға болатын тарихи сөзжұмбақтар, ребустар көрсетіліп "Қызықты тарих" атты сайыс өткізілді.

Апта соңында жүргізілген іс-шаралардың үздіктері таңдалып, дүйсенбі күні жабылу салтанаты болды. Апта бойына іс-шараларға белсенді қатысқан сынып, жекеленген оқушылар марапаттарға ие болды. Іс- шаралар құрылған жоспарға сай өтіп, мақсаты мен мазмұны толыққанды ашылды.



Тарих мұғалімі: Жантасова А.Б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет