232
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4120 — 1040 = 2200000 4 типті операция
П (-) А (-)
б)
Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу. Олар бойынша есептер
№ 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының
дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жа-
былуы (төленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010,
1040 шоттардың кредитінен № 4410 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
4410 1010, 1040 Келісімдер, салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған ұзақ мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4410 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
Достарыңызбен бөлісу: