Бухгалтерлік есеп


в)  Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды  жабу (төлеу)



Pdf көрінісі
бет136/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

в) 
Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды 
жабу (төлеу).
 
Бұл операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін 
ұзақ мерзімді берешек» пассивті шотының дебеті бойынша 
бейнеленеді. Жеткізушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу) 


233
болғандықтан, шаруашылық операция № 4110 шоттың дебетіне
№ 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010—3020 шоттардың кредитінен 
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2110—2140 Келісімдер, шот-фактуралар, 
4110 2910 жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210, 
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан 
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары, 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге 
кредиторлық қарыздары кемиді. 
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық 
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол 
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының 
16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000 
теңге сомаға ұзақ мерзімді берешек есебінен берілген құрылыс 
материалдары үшін жеткізушінің шоттарын төледі. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 1040 = 2600000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын ұзақ мерзімді берешек есебінен алынған құрылыс 
материалдары үшін 2005 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы 
№2 салыстыру актісі мен шот-фактураға сәйкес, 1500000 теңге 
сомаға айырбастау (бартер) жасады. Бұл жағдайда бухгалтерлік 


234
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2110 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған ұзақ мерзімді аванстар есебінен 2005 
жылы шілде айының 23 жұлдызындағы №11 салыстыру актісіне 
сәйкес, 170000 теңге сомада жерді күрделі тегістеуге пайдаланған 
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2910 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен 
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп 
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 4 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рацияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық. 


235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет