Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет144/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында 9 ай ішінде өткізілген 
жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы №10 
журнал-ордерінің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 8010 = 12350000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) 
Сақтандыру ісіндегі шығындардың өзіндік құнын анықтау. 
Бұл операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген 
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. 
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда 
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1010, 1040 шоттардың 
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1010, 1040 Сақтандыру келісім шарттары,
төлем құжаттары


254
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010, 1040) 1 типті 
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде 
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның қызмет 
ету шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада 
оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
«Сенім» сақтандыру компаниясында 2007 
жылы тамыз айының 20 жұлдызындағы № 1 реестрі мен келісім 
шарттарына сәйкес 4500000 теңгеге сақтандыру төлемдері жасалды. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1040 = 4500000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) 
Дайын өнім, тауарларды өткізу бойынша шығыстарға мате-
риалдар шығыс ету. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату және 
қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша 
бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың 
жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар 
№ 1310—1317 шоттардың кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жа-
салады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7110 — 1310—1317 Материалдық есептер,
жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті 
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде 
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімді 
өткізу бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде 
сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет