Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет141/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында акционерлердің қалауы бойынша 
2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы жалпы жиналыстың 
№ 1 хаттамасына сәйкес, 3600000 теңге сомаға меншікті акциялар 
қолма-қол ақша арқылы өтеп алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5210 — 1010 = 3600000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) 
Дивидендтер мен басқа сыйақыларды төлеуге пайдаланудан. 


243
Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал» пассивті 
шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Дивидендтер немесе 
басқа сыйақылар төленетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы
№ 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 3030 «Қатысушылардың 
дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық 
берешек» шоттарының кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 3030 Жалпы жиналыстың
хаттамалары, төлем 
есептері
Жазудың
 
дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде 
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді, 
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның дивидендтер 
мен басқа сыйақыларды төлеу бойынша кредиторлық қарыздары 
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында өткен жыл жұмысының нәтиже-
лері бойынша 2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы 
жалпы жиналыстың № 1 хаттамасына сәйкес, 850000 теңге сомада 
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептелді. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 3030 = 850000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) 
Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабу 
үшін пайдаланудан. Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік 
капитал» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. 
Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабуы 
жүргізілетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 5310, 5330, 
5340 шоттардың дебетіне № 5430 шоттардың кредитінен жасалады. 
Проводка төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 5430 Жалпы жиналыстың


244
хаттамалары, төлем есептері
Жазудың
 
дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде 
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді, 
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы 
көбейеді (залалы жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет