Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет139/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында
 
2007 жылы тамыз айының 23 
жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының 
шарттарына сәйкес, 3200000 теңге сомаға меншікті акциялар 
айналымнан алынып тасталды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:


238
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 5210 = 31200000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) 
Кәсіпорынның акцияларын құрылтайшылар мен акционерлер 
тарапынан ақша немесе басқа мүлік арқылы алудан. Бұл ша-
руашылық операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес актив-
тер», 2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 
«Тауар-материалдық қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 
1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салым ретінде 
жоғарыда көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік 
жағында орналасқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы жо-
ғарыдағы шоттардың дебетіне № 5020 шоттың кредитінен жасалады. 
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417 511 Құрылтай құжаттары, 
көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері, 
1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының 
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 
2007 жылы мамыр айының 24 жұлдызындағы ұжымның жалпы 
жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған 
капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:
1) 1800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2711 — 5020 = 1800000 3 типті операция


239
А (+) П (+)
2) 2100000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2414 — 5020 = 2100000 3 типті операция 
А (+) П (+)
3) 1900000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 5020 = 1900000 3 типті операция
А (+) П (+) 
4) 3200000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгал-
терлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 5020 = 3200000 3 типті операция
А (+) П (+)
5) 2000000 теңге сомада тауарлар. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 5020 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) 
Капитал резервтеріне қаржы бөлуден. Бұл шаруашылық опера-
циялар № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» пассивті шотында 
бейнеленеді. Резервтік капитал бөлінбеген пайданың есебінен ұйым-
дастырылып және кредиттік жағында болатындықтан, шаруашылық 
операцияның жазуы № 5430 шоттың дебетіне № 5310, 5340 шоттар-


240
дың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5430 — 5310, 5340 Кәсіпорын жарғысы, есептер, 
қаржы бөлулер
Жазудың
 
дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы көбейеді, ал 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы 
кемиді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет