Пернебаев ауылы



Дата06.04.2022
өлшемі208,02 Kb.
#138150
Байланысты:
Egov kz
7 қмж 20-21-1, 64 қаулы, 4-айлық нәресте, 6-сынып тест

№35 «Болашақ» жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Egov.kz» порталында «Egov mobile» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру» тақырыбында өткізілген жиналыстың


ХАТТАМАСЫ
Пернебаев ауылы. 13.02.2020жыл
Қатысқан ата-аналар саны: 45
Мектеп мұғалімдері: 41
Хатшы: Жақсыбаева.Г
Күн тәртібінде:
Мемлекеттік қызмет көрсету, «Egov kz» порталында « Еgov mobile» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру туралы.
Тыңдалды: Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алипбекова ашып, жүргізіп отырды.Г.Алипбекова өз сөзінде,Мақтаарал ауданының білім бөлімі Мақтаарал ауданы ақпарат басшысының 2020жылғы 14 қаңтардағы №115 хатына сәйкес мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы ,әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің Мемлекеттік корпарацияның фронт офистеріне бармай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық алуын «Egov.kz»порталында « Egov mobile» жаңа мобилді қосымшасы іске қосылып толық ақпаратты қосымшаның өзінен және «Egov. kz» сайтынан көруге болатынын айтып өтті.
Аталған қосымшаны халыққа тиісті дәрежеде жариялап тұрақты қолданған жағдайда қызмет алушылардың цифрлық сауаттылық деңгейінің артуына септігін тигізетін болады. Аталған ақпараттық жүйелердің жұмысын жандандыру бойынша Түзел Айшолпан, Базарбай Нұрсұлтан тиісті орынға анықтама алды.
Қаулы:

  1. «Egov mobile» жаңа мобилді қосымшасын мекеме жұмыскерлерінің, қызмет алушылардың, тұрғындар арасында кең көлемде насихаттап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін;

  2. Мемлеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсету үлесін арттыру мақсатында цифрлық қолтаңба алуды түсіндіру жұмыстары күшейтілсін және әрбір азамат анықтама алуға атсалыссын.

Жиналыс төрағасы: А.Қасымбекова
Хатшы: Г.Жақсыбаева






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет