"№7 жалпы білім беру орта мектебі " кмм-сінде 13. 12. 2019 ж жиналыс өткізілді



бет1/9
Дата28.01.2020
өлшемі2,68 Mb.
#56672
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АББ №125

№ 7 жалпы білім беру орта мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашасындағы № 509 бұйрығымен таныстыру бойынша өткізілген жиналыстың ақпарламасы

"№ 7 жалпы білім беру орта мектебі " КММ-сінде 13.12.2019 ж. жиналыс өткізілді.

Күн тәртібіндегі мәселе: "Орта,техикалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашасындағы № 509 бұйрығымен таныстыру.

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Т.Махатова бұйрықтағы маңызды мәселелерге тоқталды:

1)14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

2) 14-5. БЖБ тоқсанынына үш реттен артық өткізілиейді.

3) 14-6. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып,бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды.ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді.Бір оқу пәні бойынша БЖБ,ТЖБ бір күнде өткізілмейді.

4)«14-8. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.»;

5) «15. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық», «Қоғам және дін», бастауыш сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникативтік технология» пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.

Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық», «Қоғам және дін», бастауыш сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникативтік технология» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.»;

6) «15-1. 10-11-сыныптарда инвариантты компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейінің пәндерін таңдау кезінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндерінен басқа пәндер бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.

7) 15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда БЖБ саны 14-4-тармаққа сәйкес жүргізіледі.

Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді,оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.»;

8) «20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.»;

9) «37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.»;

10) «40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары(бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары және мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды.

11) 41. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.»



12) «49. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11 (12)-сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.»;

13) «51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының


2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген
№ 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

14) «58. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.»

15) «62. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.

11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.

Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.»

16) «64. Ауызша емтиханда 11 (12) сыныпта жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).»;

17) «69. 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.

9 (10) сыныпта Комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.»

18) «73. 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады.Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.

11 (12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағаларды шығарған кезде келесі ережелер басшылыққа алынуы тиіс:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағалары негізінде анықталады (емтихан бағалары «4» немесе «5» болған кезде ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған кезде оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары қойылмайды;

19) «80. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау.

№125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 қарашасындағы № 509 бұйрығымен таныстырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет