48
№ 2410 «Негізгі құралдар», № 2420 «Негізгі құралдардың тозуы»,
№ 5010 «Жарияланған капитал», № 5430 «Өткен жылдардағы пайда
(залал)» шоттарының соңғы сальдолары бастапқы қалдықтарға тең
болады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Активті шотта кредиттік қалдық болуы мүмкін бе? Егер жоқ
болса, онда неге?
2. Пассивті шотта дебеттік қалдық болуы мүмкін бе? Егер жоқ
болса, онда неге?
3. Активті шотта соңғы сальдоны қалай есептеп шығардыңыз?
Сол процедураны жазып көрсетіңіз.
4. Пассивті шотта соңғы сальдоны қалай есептеп шығардыңыз?
Сол процедураны жазып көрсетіңіз.
17. Синтетикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау және қорытынды баланс құрастыру
Балансты құрастыру мен шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау үшін бухгалтерлік есепте айналым ведомосын пайдаланады.
Айналым ведомосының ерекшелігі — бағаналардың үш жұбының
әрқайсысының дебет пен кредит
бойынша жиынтықтардың тепе-
теңдігі. Егер шоттардың байланысында қателік жіберілсе, онда ол
жағдайда әдеттегіше дебет пен кредит
бойынша айналымдардың
жиынтығының тепе-теңдігі бұзылады.
Синтетикалық шоттар бойынша
айналым ведомосын құрыңыз,
ал одан соң төменде көрсетілген айналым ведомосымен салыстыра
отырып, өзіңізді тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: