81
IV бөлімше. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ӨНДІРІС
ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУДІҢ ЕСЕБІ
42. Өндірістік қорлардың есебі
Өндірістік қорларға материалдар, құрал-саймандар, аспаптар
және т.б. жатады. Кәсіпорындарда материалдар есебінің тәртібі
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы материалдардың
есебі бойынша ережелерімен белгіленеді.
Материалдар төмендегі синтетикалық баланстық шот пен
субшоттарда есепке алынады:
1310. Шикізат пен материалдар;
1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау
бұйымдары, конструкциялар мен тетіктер;
1312. Отын;
1313. Ыдыс және ыдыс материалдары;
1314. Қосалқы бөлшектер;
1315. Өзге материалдар;
1316. Ұқсатуға берілген материалдар;
1317. Құрылыс материалдары.
Материалдар келуінің есебі көтерме бағалар бойынша олардың
құны (қосымша құнға салынатын салықсыз (ҚҚС) мен көлік-
дайындау шығыстарынан (КДШ) құралатын дайындаудың нақты
құны бойынша жүргізіледі.
Материалдардың келуі мен шығыс етілуін жазу сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: