Бухгалтерлік есеп


№  3350 шот «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»



Pdf көрінісі
бет47/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

№ 
3350 шот «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
Дт
Кт
1010 «Кассадағы теңгемен ақша 
қаражаты»
Төленген еңбекақы, 
жәрдемақылар
3120 «Жеке табыс салығы»
Табыс салығының 
ұсталуы
3390 «Өзге қысқа мерзімді 
кредиторлық берешек»
Орындаушы парақтар 
мен еңбекақы есебінен 
босатылған тауарлар 
үшін ұсталымдар
3210 «Әлеуметтік сақтандыру 
бойынша міндеттемелер»
Әлеуметтік 
сақтандыру есебі-
нен есептелген 
жәрдемақылар
7210 «Әкімшілік шығыстар»
Кәсіпорынның 
әкімшілігіне есептел-
ген еңбекақы
8012 «Өндірістік 
жұмысшылардың еңбекақы»
Жұмысшыларға 
есептелген еңбекақы
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жұмысшылардың еңбекақысын өнімнің өзіндік құнына енгізу 
үшін қандай шот пайдаланылады?
2. Әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысын өнімнің 
өзіндік құнына енгізудің тәртібі қандай?
3. № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шотының кредиті бойынша еңбекақыдан басқа нелер бейнеленеді?
38. Мердігерлік келісім шарт бойынша жұмысшылардың 
еңбекақысын есептеудің ерекшеліктері
Мердігерлік келісім шарт жұмысшылардың қатаң түрде белгілен-
ген көлемі бойынша есеп айырысулар үшін жасалады. Оқтын-оқтын 
қайталанатын жұмыстарға еңбек келісімі жасалады.
Мердігерлік келісім шартты жасау кезінде төмендегілерді ескеру 
керек:
1. Қазіргі уақытта бұл сомалар бойынша әлеуметтік салықтың 
есептеулері жүргізіледі;


77
2. Табыс салығы ҚР Үкіметімен бекітілген нұсқауға сәйкес мөл-
шерлемелер бойынша есептеледі;
3. Негізгі қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақы-
сына шығыстардың нормаланған мөлшерін анықтау үшін негізгі 
қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың тізім бойынша нақты 
орташа санын есептеу керек. Онда мердігерлік келісім шарт пен 
басқа азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарттар, сондай-
ақ қосымша жұмыс істеу бойынша еңбектенгендердің есебі қоса 
анықталады. Келісім шарттар бойынша жұмыс істейтіндердің тізім 
бойынша нақты орташа санын есептеуде тек келісім шарт бойынша 
төлем жасалған айда ғана енгізілетінін ескеру керек.
Мысалы, тізім құрамы — 10 адам, мердігерлік келісім шарт 
бойынша 20 адам жұмыс істейді, келісім шарт 3 айға жасалып
наурыз айында төлеуге есептелген. Жұмысшылардың тізім бойынша 
орташа саны 30 адамға тең:
\10+10+(20х3+10)\:3
Егер кәсіпорында табельді есеп жоқ болса және келісім шартта 
атқарылатын уақыттың сағаттар саны көрсетілмесе, онда есепке 
атқарылған сағаттардың нақты санынан тәуелсіз 1 күн алынады (бұл 
жұмысты орындау үшін қажет болған жұмысшылардың санынан 
көбірек келісім шартты жасау жолымен олардың санын көбейту 
үшін жиі қолданылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет