Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет2/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Егізбаева Н.Ж.

филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті
Пікір жазғандар: 
Иманалиева Ғ.Қ.
– филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті 
Абитжанова Ж.
– филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып үйрену жоғарғы оқу орындарындағы 
мамандар дайындаудың негізгі (базалық) деңгейінің құрамдас бөлігі болып 
табылады. Пәннің өзектілігі болашақ филолог маманның мемлекеттік тілді 
кәсіби деңгейде меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуына негізделеді.
«Кәсіби қазақ тілі» курсында филология саласындағы ұғымдар мен 
ғылыми атаулардың, терминдердің табиғатын терең меңгеру, кәсіби 
лексиканы еркін қолдану, қазақ тілінде өз ойын анық жеткізу басты назарға 
алынады. 
Тілдік 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
коммуникативтік-
функционалдық грамматика тұрғысынан анықталып, кәсіби тілдік 
бірліктердің, терминдердің қолданыстағы қызметі мен мағынасы, ойды нақты 
жеткізудегі грамматикалық және лексикалық құрылымдардың жүйелілігі

оқытудың басты қағидаттары ретінде ұсынылады.
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға, 
көзқарасын кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби 
білімін дамытуға әсерін тигізеді
.
Студент өзіндік жұмыс орындаудың 
дағдысын қалыптастырады, шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол 
арқылы тілдік түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, жинақтау, 
салыстыру, тұжырымдама жасау) жетілдіреді. 

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып меңгерудің алдында студент «Қазақ 
тілі» пәні мен мамандыққа кіріспе пәндерін оқып үйренуі керек. Кәсіби қазақ 
тілінен білім берудің негізгі құзыреттілігі және оның нәтижелі болуы 
мынадай қағидалармен байланысты:
-
оқытудың коммуникативтік-функционалдық бағытта болуы; 
-
пән мазмұнының кәсіби мамандықтарға қатысты мәтін мен типтік 
когнитивті-лингвомәдени кешен түрінде берілуі; 



-
кәсіби қазақ тілін меңгерту үрдісінде оқытуды жеке тұлғаға 
бағдарлау әдісі негізінде жүргізу. 
«Кәсіби қазақ тілін» оқып меңгерудің нәтижесінде студент мынадай 
тілдік құзіреттілікке қол жеткізуі керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет