А – құралдық құзырет:
ғылыми стиль мен оның жанрлық түрлері туралы
түсінігі болуы; кәсіби мәтінге құрылымдықсемантикалық талдау жасай
білуі; кәсіби қарымқатынаста тілдік жүйенің жұмсалымдық қызметінің
ерекшеліктері, коммуникативтік интенция мен қарымқатынас жағдаятына
сәйкес тілдік бірліктерді оңтайлы қолдана алу;
В – тұлғааралық құзырет:
ғылыми лексика мен ғылым саласына қатысты
құрылымдарды білуі;
әр түрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыру; кәсіби салаға
қатысты сөйлеу нормаларын меңгеру; іскери байланыс пен ісқағаздары
тілінің негізін білу;
С – жүйелілік құзырет:
ғылымикәсіби ақпараттарды жүйелеу және
пайымдай алу; мәтіндердегі ақпараттардың негізгі идеясын нақтылау.
D
–
пәндік құзырет
: ғылымикәсіби әдебиеттермен жұмыс істеу машығының
болуы; кәсіби мамандану саласы бойынша қазақша ресми сөйлесуге
құзыретті болуы;
кәсіби салада қазақша қарымқатынас жасау үшін сөйлеу
коммуникациясының тактикасы мен стратегиясын білуі керек.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Кәсіби қазақ тілі» – нормаға түскен әдеби тілді, іскерлік және кәсіби
қарым-қатынастың түрлерін, ғылыми стильдің жанрлық ерекшеліктерін
оқытатын негізгі пән.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқу барысында студенттер алған білімдерін
кәсіби және ғылыми мәтіндерді құрастыру үшін, кәсіби қарым-қатынасқа
белсенді араласу үшін қолдануды игереді. Кәсіби және ғылыми міндеттерден
басқа, аталған пән студенттердің жалпы мәдени деңгейі мен эстетикалық
тәрбиесін де қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жағдайда «Кәсіби қазақ тілі» пәні
кәсіби қарым-қатынастың білік пен дағдыларын игеруді, сондай-ақ жалпы
гуманитарлық және жалпы кәсіби танымын кеңейтуді көздейді.
Бағдарламаның мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы
коммуникативтік қажеттіліктерімен, ғылыми қызметтің маңызды құралы
ретіндегі қазақ тілінің негізінде кәсіби біліктілікке үйретудің мақсаттары
мен міндеттерімен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |