Сұрау жүргізу
–
респондентпен сауалнама көмегімен тіке-
лей қатынас жасау жолымен жүзеге асырылатын сауалдың не-
гізгі түрлерінің бірі. Сауал жүргізудің кемшіліктеріне онда
информанттың сөйлеу әрекеті емес, сөйлеу әрекеті туралы есе-
бі (пікірі) айтылатындығы жатады, сондықтан сауал жүргізуді
алғашқы әлеуметтік лингвистикикалық мәлімет жинау әдісі
деп есептелген жөн. Сауал жүргізу микроәлеуметтік, сондай-ақ
микроәлеуметтік лингвистикалық зерттеу жүргізуде қолданылады.
Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинағы
(фр.
Bangue /banko деген сөзі), орысшасы – Банк социолингвистических
данных – арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік лингвистикалық
зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, олардың эмпиривтік және
теориялық талдаулар қорытындысы.
Ақпараттар хронологиялық, аумақтық, пәндік және автор-
лық тәртіпте сақталуы мүмкін. Толық мәндегі әлеуметтік лин-
гвистикалық мәліметтер жинағынсыз тілдер мен диалектілерді
сипаттау мүмкін емес. Ресейдің аз санды халықтары тілдерінің
(ЯМАЛ) әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинағы Ре-
сей Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының ұлттық-
тілдік қатынастар бойынша Ғылыми-зерттеу орталығы арқылы
құрылған, оған мынадай мәселелер енеді: тіл туралы жалпы
мәлімет (туыстық және құрылымдық классификациясы, таралу
аумағы, диалектілік жіктелістері); грамматикалық сипаттамасы,
сөздіктері, оқулықтары туралы мәлімет; этнос – тіл тұтынушы
43
жөнінде статистикалық мәлімет; таза әлеуметтік лингвистикалық
мәліметтер (бір-біріне әсер етуші тілдер, жазу мәдениеті, этнос
өкілдерінің тіл меңгеру дәрежесі, қостілділік дәрежесі, тілдің
әлеуметтік қызметтері, көркем, ғылыми және басқа да әдебиеттері)
жөніндегі мәліметтер. Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер
жинағы РҒА Тіл білімі институтының халықаралық жобалары
мен Лавал атындағы Университетінің Тілдік жоспарлау бойынша
Халықаралық зерттеу орталығы (Канада, Квебек) көптомдық –
әлемнің жазба тілдері атты басылымды шығаруға негіз салынды.
|