ең шағын қалалар
(Қазалы – 6 815, Шиелі – 5694)
деп топтастыруға болады.
118
Соңғы халық санағының дерегіне қарасақ, аймақтағы облы-
старда тіркелген этностар саны әртүрлі (Қызылорда облысында
70 этнос, Жамбыл облысында 86 этнос, Алматы және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында 105 этнос). Алайда бұл этностадың саны
мен қоныстану жағдайына қарасақ, аймақты әдеттегідей полиэт-
носты деп айтудан гөрі моноэтносты деуге келеді. Себебі осы тір-
келген этностардың жартысына жуығының саны 10 адамға жет-
пейді, ең көп дегенінің санының өзі (1,0 пайыздан жоғарысы) 5-6
этностан аспайды.
Айталық, Алматы облысында тіркелген 105 этностың 38-нің
саны 10 адамға жетпейді, 100 адамға дейінгісі – 33 этнос, 18 эт-
нос 1000 адамға жетпейді, 1,0 пайызға жуығы – 12 этнос, 1,0 %
жоғарысы – 4 этнос (олар: қазақтар – 67,7%, орыстар – 16,9 %,
ұйғырлар – 8,0% және түріктер – 2,0%). Дәл осындай 105 этнос
тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысында 48 этностың саны 10
адамға толмайды, 29-ның саны 100 адамға жетпейді, 1000 адамға
толмайтыны – 17 этнос, 6-ның саны 1,0% жуық және 5 этнос қана
1,0% асады (олар: қазақтар – 72,3%, өзбектер – 16,3%, орыстар –
5,5 %, тәжіктер – 1,2 % және әзірбайжандар – 1,2 %). Ал 86 этно-
сы бар Жамбыл облысы мен 70 этносы бар Қызылорда облысында
саны 10 адамға жетпейтіні сәйкесінше 32-34 этнос, бар-жоғы 100
адамға толмайтыны сәйкесінше 22-17 этнос, 1000 адамға жуығы
сәйкесінше 17-10 этнос, 1,0 % жетпейтіні 9-6 этнос және барлық
тұрғындардың 1,0 %-астамын құрайтыны Жамбыл облысын-
да 6 этнос (қазақтар -71,4%, орыстар – 12,0%, дүнгендер -4,2%,
түріктер – 2,9%, өзбектер – 2,4% және күрдтер – 1,3%) болса,
Қызылорда облысында 3 этнос (қазақтар – 95,3%, орыстар – 2,4%
және кәрістер – 1,2%).
Осы мәліметтерге зер сала қарасақ, аймақ көлемінде өтіп жатқан
әлеуметтік және тілдік үрдерістерде қомақты рөл атқаратын бір-
неше ғана ірі этнос бар. Бұл аймақтың барлық тұрғындарының
73,4 пайызын құрайтын қазақтардың өзі, 9,7 пайызды құрайтын
орыстар және үлес салмағы 7,2 пайызға жететін өзбектер мен 7,2
пайызды құрайтын ұйғырлар.
119
Аймақтағы облыстардағы халық санын 1989 жылғы халық
санағы мен соңғы 2009 жылғы мәліметпен салыстырсақ, 20 жыл-
да көптеген өзгерістің болғанын байқаймыз. Әсіресе аймаққа
қарайтын төрт облыста да саны жағынан айтарлықтай көбейгені
5-6 этнос қана, олардың барлығы да түркітектес халықтар.
Айталық, Алматы облысында 20 жыл ішінде саны жағынан басым
болып келетіндер қазақтар, ұйғырлар, өзбектер, татарлар және
түріктер. Сол сияқты орыстар мен кәрістердің де саны артқан,
бірақ облыс халқының ішінде алатын үлесі жағынан қазақтар
мен кәрістедің ғана көбейгенін көруге болады. Орыстар 20 жыл-
да 12147 адамға өскенімен, алатын үлесі жағынан 30,1 пайыздан
16,9 пайызға түскен. Ұйғырлар да екі санақ арасында 40359 адамға
көбейген, бірақ облыс тұрғындар ішінде алатын үлесі бойынша
1989 жылы 10,6% болса, 2009 жылғы санақта 8,0% ғана құраған.
Саны жағынан күрт кемігендерге, яғни тарихи отандарына қоныс
аударушы диаспораларға немістер мен украиндар жатады.
Жамбыл облысының тұрғындары екі санақ аралығында 16538
адамға азайған. Олардың ішінде әсіресе орыстар (152 812 адамға),
немістер (65 756 адамға), украиындықтар (28 550 адамға), татар-
лар (7355 адамға) кеміген. Ал саны жағынан өскендеріне қазақтар
(222373 адамға), түріктер (12675 адамға), өзбектер (2979 адамға)
және басқа этностар (4447 адамға) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |