Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Экзоглостық тілдік жағдаят



Pdf көрінісі
бет60/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
Экзоглостық тілдік жағдаят
белгілі бір әкімшілік-аумақтағы 
жекелеген тілдер жиынтығынан құралса, 
эндоглостық тілдік 
жағдаят
белгілі бір әкімшілік-аумақтық құрылымдағы қосымша 
тіл (подязык) мен қызметтік стильдер жиынтығынан тұрады. 
Осыған қарағанда тілдік жағдаяттың бұл екі түрі бір әкімшілік-
аумақтық ұйымда бір мезгілде кездесуі мүмкін емес екендігін 
байқауға болады.
Тілдің жағдаятты түзуші тілдер әдетте иерархияда болғанымен, 
кейде олардың өзара тең және сан алуан қызметті атқаруына бай-
ланысты экзоглостық және эндолгостық тілдік жағңдаяттар өз іші-
нен екі топшаға бөлінуі мүмкін:
1.Егер қызмет ету жағынан оны құрайтын тілдер бірдей мәнде 
болса, бұл – қоғамдық қызметі сәйкестенген (сбалансированный) 
экзоглостық немесе эндоголостық тілдік жағдаят деп;


112
2.Егер оны құрайтын тілдер қатынас салалары мен әлеуметтік 
топтар бойынша қызмет ету жағынан бөлініп таратылған болса, 
ол – қоғамдық қызметі сәйкестенбеген (несбалансированный) 
экзоглостық немесе эндоглостық тілдік жағдаят деп аталады.
Тілдік жағдаяттың осы аталған түрлерінің ішінде қоғамдық 
қызметі сәйкестенбеген экзоглостық түрі өте кең таралған. Бұл 
тілдік жағдаят көбіне көпұлтты елдерге тән болып келеді де оның 
өзіндік ерекшелігін ажыратып көрсетуде әкімшілік-аумақтағы 
тілдердің саны назарға алынады. Осы аталған белгілерге байла-
нысты екі компонентті, үш компонентті тілдік жағдаяттарды бөліп 
көрсетуге болады. Оларды құрайтын тілдерге:
1.Ауызекі сөйлеуді қамтамасыз ететін тілдер (қызмет етуі 
бойынша топтағанда, оған жекргілікті тілдер жатады) және 
микроаралық тіл (ұлтаралық қарым-қатынас құралы). 
2.Үш компонентті тілдік жағдаятқа жергілікті тіл, аймақтық 
тілдер, көпэтносты мемлекеттегі макроаралық тіл.
3.Төрт компонентіге: жергілікті тіл, аймақтық тіл, макроаралық 
тіл және діни немесе кәсіби тіл жатады.
Тілдік жағдаяттың қоғамдық қызметі сәйкестенген түрі көбінесе 
қатынастың барлық салаларында бір ғана ұлттық тіл қызмет ететін 
бір ұлттан құралған мемлекеттерде кездеседі. Мұнда сыртқы фак-
торлар, ұлттық үйлесім (нациоальная конслодация), әлеуметтік 
бағыт-бағдар мен материалдық және рухани мәдениеттің даму 
деңгейі дәрежесінен көрінетін ұлттық тілдің қосымша жүйелерінің 
саны мен олардың қызмет ету аясы назарға алынады. Осыны 
ескере отырып, Л.Б.Никольский тілдік жағдаяттың бұл түрін бір 
компонентті, екі компоненттті және үш компонентті деп айырып 
көрсетуді ұсынады. Оларды ажыратып көрсету дәл сол экзоглостық 
тілдік жағдаят үшін алынған белгілер сияқты ажыратылады. Бірақ 
онда жекелеген тілдер саны емес, бір тілдің қосымша жүйелері 
мен белгілі стилдік тармақтары назарға алынады. 
Тілдік жағдаятты топтастырудың осы теориялық құрылымы 
Азия, Африка және тағы басқа шет елдердің ұлттық-тілдік 
тәжірибелерінің нақтылы тілдік материалдарында сыннан өткен 


113
және ол толық түрде белгілі бір әкімшілік-аумақтағы тілдік 
жағдаяттың әлеуметтік лингвистикалық сипатын қамтып көрсете 
алады. Мұны көпэтносты, соған орай көптілді болып келетін біздің 
еліміздің тілдік ахуалын сипаттауда да пайдалануға әбден болады.
Қазақстан – тіл мен мәдениетке бай республика. Мысалы, 
еліміздің оңтүстік пен солтүстік, сондай-ақ шығыс пен батыс 
аймақтарында тілдік жағдаятттарының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Оған әсер етіп отырған әлеуметтік факторлар да әр түрлі. Демек, 
осы мәселелерді ескере отырып, жалпы Қазақстанның және оның 
жекелеген аймақтарының тілдік жағдаяттарын топтастыруға бола-
ды және оның тіл дамытуды саналы басқаруда маңызы зор.
Арнайы зерттеу нәтижелері республикамызда қоғамдық қызметі 
сәйкестенген (сбалансированный) экзоглостық тілдік жағдаяттың 
кездеспейтіндігін растады [43,55-56.]. 
Тілдік жағдаяттың мұндай түрін құрайды деген қазақ, орыс, 
украин, неміс, татар т.б. тілдер қолданылу салалары немесе ондағы 
қызметтік қатынастары тұрғысынан сан алуан қызметте болып ке-
леді.
Көпэтносты елде тілдер конституция бойынша тең құқылы деп 
жарияланғанымен, олар қолданылу аясы жағынан әр алуан болып 
келеді, яғни тілдер өзіндік жүйелілік-құрылымдылық жағынан 
салыстыруға болмайтын тең дәрежелі адамзаттық құндылық бол-
са, қоғамда атқаратын қызмет аясы мен сөйлеушілерінің саны 
жағынан бір тілдің екінші бір тілден артықшылығы көрінеді. 
Айталық, қазақ тілі республиканың мемлекеттік тілі, республика 
жұртшылығының басым көпшілігі сөйлейтін тіл болса, орыс тілі 
түрлі қоғамдық өмір салаларында мемлекеттік тілден де жиірек 
қолданылатын (өмірдің негізгі 30 саласы мен 78 қосымша салала-
рында қолданылады) бейресми тіл ретінде қызмет атқарады. 
Тілдердің қызмет ету жағынан айырмашылықтарының басым 
болып келуі мемлекеттік тіл мен орыс тілінің арасында ғана емес, 
жекелеген облыс, аудан т.б. төңірегінде жиі қоныстанған, қоғамдық 
қызметі алғашқы екеуінен тар кейбір этностар тілі (украин, неміс, 
татар,поляк т.б.) және тұрмыстық-отбасылық қатынастарда ғана 


114
қолданылатын қоғамдық қызметі нашар дамыған (долган, цахур, 
эвен, караим, манси, эн т.б.) арасында анық байқалады.
Сонымен осы айтылғандарды жинақтай келе мынадай қо-
рытындыға келуге болады. Республикада қазіргі таңда қоғамдық 
қызметі сәйкестенбеген тілдерден тұратын екі компонентті 
экзоглостық тілдік жағдаят түрі қызмет етеді. Басқаша айтқанда, 
қоғамдық қызметі сәйкестенбеген экзоглостық тілдік жағдаят кез 
келген этностар тілдері мен қазақ және орыс тілдерімен қатар 
қызмет етуімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет