Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет56/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111
4
ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ
4.1 Этнолингвистикалық жағдаят 
Белгілі бір этникалық қауымдастықтағы тіл проблемаларын ше-
шуді саналы түрде жоспарлау мен реттеу алдымен сол жердің өзіне 
тән қалыптасқан этнолингвистикалық жағдаятын анықтап алуды 
қажет етеді. Этнолингвистикалық жағдаят деп белгілі бір әкімшілік 
аумақтағы этностар құрамы мен олардың тілдерінің сол аумақ 
шегінде таралуының жай-күйін айтады. 
«Этнолингвистикалық 
жағдаят
» ұғымы тілдік жағдаятпен өзара тығыз байланысты. 
Сондықтан олардың бірлігіне көңіл бөліп, шығатын барлық 
нәтижелерді қоса қарастырудың мәні зор. Бұл жайында Л.Б. Ни-
кольский былай дейді: 
«...Если термин этнолингвистическая си-
туация обозначает пространственное распределение языков, от-
ношение между ними «по горизонтали», то термин «языковая си-
туация» обозначает их распределение по социальным слоям и со-
циальным рольям т.е. отражает «вертикальные», иерархические 
отношения между классами и социальными и профессиональными 
группами в обществе »
[37, 31.]. 
Қазақстан – қазақ ұлтынан басқа көптеген этнос өкілдерінен 
тұратын мемлекет. Бұл күндері оның өзіне тән қалыптасқан 
әлеуметтік коммуникативтік жүйесін 128 тіл құрайды. «Егер тіл 
атаулыны сөйлеушілерінің санына қарай бір сапқа тізер болсақ, 
- дейді белгілі ғалым Б.Хасанұлы – көш басында қазақ тілі де, 
соңында екі адам ғана сөйлейтін эн тілі орналасқан болар еді» [28, 
159.]. 
Жоғарыда баяндап өткеніміздей, Қазақстандағы осы халық тіл-
дерін сөйлеушілерінің саны мен атқарып келе жатқан қоғамдық 
қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер, оған мемлекеттік 
тіл – қазақ тілі мен орыс тілі жатады.
2) қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер, бұл топқа қоғамдық 
қызметі біршама дамыған, дегенмен тар ауқымды қамтитын кейбір 


100
қала, аудандарда шоғыр орналасқан украин, неміс, татар, поляк, 
чечен, ингуш т.б тілдер енеді. Бұл тілдердің қай қайсысы да оқу 
тілі, оқу пәні ретінде және ұлттық мәдениетте қолданылады.
3) қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер, бұл – сөйлеушілері 
санаулы болып келетін, жазуы жоқ, отбасы ішінде, өз ұлысы 
өкілдері арасында, ауыз әдебиетінде ғана, соның өзінде шектеулі 
қолданылатын тілдер. Мәселен, оларға әр жерде бір кездесетін
саналы ғана адам сөйлейтін рутул, цахур, долган, манси, эвен, ка-
райм, эн т.б. сияқты тілдер жатады.
Тіл – өте күрделі де нәзік мәселе. Қазіргі уақытта республика 
көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамытуға зор көңіл бөлініп 
отырғаны белгілі. Президентіміз өзінің жыл сайынғы Қазақстан 
халқына арналған Жолдауларында мемлекеттік тіл саясатына, 
оның ішінде мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелерді барын-
ша көтеріп келеді. Бұған Елбасының: «Ең бір қиын кезеңдерде 
ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат 
өмірімізде де ұлтты тұтастырудың тетігі болуға тиіс», – деген 
сөзі, сондай-ақ ұлтты ұлт ретінде ұйыстырушы оның тілі екендігі 
жөнінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты афоризмге 
айналған сөздері дәлел бола алады. 
Ана тіліміздің қадірін арттыруға байланысты Елбасымыздың 
осындай көтерген бастамасы – баршамыздан үлкен жауапкер-
шілікті қажет етеді. Елімізде мемлекеттік тіл саясаты өркениетті, 
зайырлы елдердің дәстүрі мен тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне 
сай байыппен, сындарлы қалыпта жүргізіліп келеді. Бұл бағытта 
айтарлықтай ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қазақ тілінің қызмет ету аясын ұлғайту және өзге тілдерді ана 
тілі ретінде сақтай отырып дамыту, тіл саясатын тұрақтандыру 
мақсатындағы тілдік реформа жүргізу 1987 жылдан басталды. 
1989 жылы қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық 
қарым-қатынас тілі деп бекіткен Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңы 
қабылданды. Оның келесі жылында, 1990 жылы Қазақ ССР-ін-
де қазақ тілін және өзге тілдерді дамытудың 2000 жылға дейінгі 
мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Қазақ, орыс тілдерінің 


101
мәртебелері Тіл туралы заңда анықталды және ол 1993 жылы 
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілді. 1995 жылы 
Конституциясының жаңа жобасы қабылданып, онда қазақ тілінің 
өзіндік мәртебесі және орыс тілінің қолданылу аясы анықталды. 
Ал 1996 жылы тіл саясатының тұжырымдамасы жарық көріп
соның негізінде 1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы заңның жаңа 
жобасы қабылданды. Міне, содан бергі уақытта Тіл туралы заңның 
жүзеге асуын, тілдерді дамытудың нақты жоспарларын қамтитын 
мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар өз жемісін беріп ке-
леді. Елімізде тілдерді дамытуға арналған 2011–-2020 жылдарға 
арналған бағдарламада мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді дамыту 
үш кезеңге бөлінген жоспары бойынша жүзеге аспақ. Бұл әлемдік 
тіл дамыту тәжірибесіне негізделіп отыр.
Қазақстан қоғамындағы тіл дамытудың басты бағыты – лин-
гвистикалық егемендік жағдайында тілдерді үйлесімді теңдікте да-
мыту жолын ұстану. Бұл – тіл дамытудың демократиялық бағыты. 
Сондықтан оның проблемаларын шешуде өздерін демократияшыл-
мыз деп санайтын елдердің өздері де араласа қоймайды. Халықтар 
достығы мен ынтымағының әлемдік символына айналған біздің 
еліміздегі тілдік саясат бұл мәселені «бір социум – көп идиом 
(тіл)
»
формуласына сәйкес шешуде. 
Көпэтносты қоғамдағы осындай күрделі тілдік проблемалар-
ды шешуде әр алуан әлеуметтік лингвистикалық түсініктер мен 
ұғымдарды (мемлекеттік тіл, ресми тіл, ұлттық тіл, ана тілі, біртіл-
ділік, қостілділік, үштілділік, төрттілділік, қоғам, социум, тілдік 
ұжым, тілдік тұлға, әлемнің тілдік бейнесі т.б.) ажырата отырып, 
олардың әрқайсына өз құзіреттілігіне қарай көңіл бөлу қажет.
Елдің немесе оның аумақтарындағы тілдік үдерістер жағдайына 
әлеуметтік лингвистикалық мониторинг жасау үшін ондағы тілдер-
ге жекелей тоқталып, сипаттама жасау қажет. Қалыптасып отырған 
тілдік жағдаятқа әлеуметтік лингвистикалық баға беру керек. 
Әлемнің кез келген мемлекетінің халқы мейлі бір ұлттан тұрсын, 
мейлі көп ұлттан құралған болсын, бәрібір тіл проблемаларынсыз 
болмайды. Ол проблемаларды шешу ісі сол мемлекеттегі тілдер 


102
дамуын саналы түрде қолға алу мен оған ғылыми сипаттама беру-
ден бастау алады. Бұл алдымен сол жердің өзіне тән қалыптасқан 
этнолингвистикалық және тілдік жағдаяттарын анықтап алу-
ды қажет етеді. Этнолингвистикалық жағдаят деп белгілі бір 
әкімшілік аумақтағы этностар құрамы мен олардың тілдерінің сол 
аумақ шегінде таралуының жай-күйін айтады. Ал тілдік жағдаят 
дегеніміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет