Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет68/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111
Ұйғырлар
– халықтың 2,5 пайызын құрайтын аймақтағы 
төртінші ірі этностардың бірі. Олардың 85,2 пайызы ауылдық жер-
лерде қоныстанған, оның ішінде басым бөлігі Алматы облысының 
Ұйғыр ауданында (55,5%), Панфилов ауданында (27,1%), және 
Еңбекшіқазақ ауданында (18,6%) тұрады. Қалалы жерлерде 
ұйғырлардың небәрі 14,8 % орналасқан.
Ұйғрлардың 83,3 пайызы өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 
16,7 пайызы өзге ұлт тілін ана тілім деп қабылдаған.
Соңғы халық санағы мәліметінде ұйғырлардың 15 жас және 
одан жоғарғы жастағыларының қазақ тілін ауызша түсінемін дегені 
– 96,6%, оның ішінде 75,3% еркін оқи аламын, 65,8% еркін жаза 
аламын деп көрсеткен. Ал орыс тілін осы жастағы ұйғырлардың 
95,5% ауызша түсінемін, 86,6% еркін оқи аламын, 79,7% еркін 
жаза аламын деп мәлімдейді.
Түріктер
- аймақ тұрғындарының 1,5 пайызын құрайтын көп 
санды диаспоралардың бірі. Түріктер де ұйғырлар сияқты ауылдық 
жерлерге қоныстанған. Олардың ауылда тұратыны - 79,5% бол-
са, қаладағысы - 20,5%. Түріктер аймақтағы барлық облыстар 
аумағында бірдей кездесе бермейді. Олардың біршама тығыз 
қоныстанған жерлері Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданы 
– 5.0%, Қарасай ауданы – 5,0%, Талғар ауданы – 1,5%, Жамбыл 
облысындағы Меркі ауданында түріктер барлық тұрғындардың 
10,7%, құраса, Байзақ ауданында – 8,9%, Тараз қаласында – 5,3%, 
Шу ауданында – 5,4%, Жамбыл ауданында – 4,4% құрайды. Ал 
оңтүстік Қазақстан облысында түріктер Төле би ауданында - 3,6%, 
Сайрам ауданында – 2,7%, Сарыағаш ауданында – 1,2%, құрайды. 
Қызылорда облысында тек екі ауданында ғана шоғыр орналасқан 
(Қармақшы ауданы – 2,1% және Жаңақорған ауданында – 0,3%).
Кәрістер
аймақ тұрғындарының 0,7 пайызын ғана құрайды. 
Олардың 29,5 пайызы ауылдық жерде тұрса, 70,5 пайызы қалада 
тұрады. Крістердің көп шоғырлаған жерлері: Алматы облысының 
Қаратал ауданы (8,3%), Талдықорған қаласы (3,1%), Қапшағай 
қаласы (2,4%), Текелі қаласы (1,3%), Көксу ауданы (1,3%,), Ескел-
ді ауданы (1,1%), сондай-ақ Тараз қаласында (2,5%), Шымкент 


136
қаласында (1,0%), Қызылорда қаласында (2,3%), Байқоңырда 
(1,3%), Шиелі ауданында (1,1%) біршама шоғыр қоныстанған.
Аймақтағы кәріс диаспораның 42,2 пайызы өз этносының тілін 
ана тілім деп санаса, 57,8 пайызы өзге этнос тілін ана тілім деп 
есептейді.
Халық санағының мәліметінде 15 жас және одан жоғары 
жастағы кәрістердің қазақ тілін ауызша түсінетіні – 49,8% (17682 
адам), оның ішінде 14,9% (5292 адам) еркін оқиды, 11,3% (4000 
адам) еркін жазады. Ал орыс тілін осы жастағы кәрістердің 98,2% 
ауызша түсінемін, 92,3% еркін оқимын, 96,3% еркін жазамын деп 
көрсеткен. Осыдан көрініп тұрғандай кәрістердің тілдік бағыт-
бағдары бірыңғай орыс тіліне ауған, барынша орыстанған.
Татар
диаспорасы да кәрістер сияқты аймақ халқының 0,7 
пайызын құрайды. Жалпы саны – 43684 адам. Татарларлардың 
61,5% қалада, 38,5% ауылдық елді-мекендерде орналасқан. 
Олар аймаққа қарайтын облыстарда әртүрлі санда шашырап 
қоныстанған. Облыс елді-мекендеріндегі тұрғындарының шама-
мен 5-6 орындарды алады.
Татарлардың жартысынан астамы, яғни 63,8% өз ұлтының тілін 
ана тілім деп санаса, 36,2% ана тілін өзге ұлт тіліне ауыстырған.
Соңғы халық санағының мәліметенде 15 жас және жоғары 
жастағы татарлардың 84,4% қазақ тілін ауызша түсінемін десе, 
соның 50,2% еркін оқи аламын, 42,6% еркін жаза аламын деп 
көрсеткен.
Күрдтер 
аймақ халқының 0,6 пайызын құрайды. Олар әсіресе 
Жамбыл облысында (1,3%) және Алматы облысында (0,7%) бір-
шама шоғыр қоныстанған. Басым бөлігі ауылдық жерде 84,7%, 
қалған бөлігі 15,3% қалада тұрады. Аймақтағы күрдтердің 89,4% 
өз этносының тілін ана тілім деп санаса, 10,6% ана тілін өзге тілге 
ауыстырған.
15 жас және адам жоғары жастағы күрд азаматтарының 78,0 
пайызы қазақ тілін ауызша түсінеді, оның 43,1% еркін оқи алса, 
37,4% еркін жаза аламын деп көрсеткен санақ мәліметінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет