137
те тұрғындар ішіндегі үлесі жағынан тоғызыншы орынды алатын
диаспора. Олардың жартысынан астамы, яғни 56,8% қалада, 43,2
% ауылдық жерде қоныстанған. Украиндар да немістер мен бело-
рустар, кәрістер сияқты өз ана тілін жоғалтып, өзге ұлт тіліне қарай
біршама ауыса бастағандар қатарына жатады. Мысалы, аймақтағы
украин диаспорасының небәрі 33,9%
ғана өз ұлтының тілін ана
тілім деп санаса, 66,1% өзге тілді (басым бөлігі орыс тілін) ана
тілім деп есептейді.
Санақ мәліметіне сүйенсек, украиндықтардың ішіндегі (15 жас
және адам жоғары жастағы) қазақ тілін ауызша түсінетіні 40,7%
болса, соның 10,2% еркін оқи аламын, 7,5% еркін жаза аламын деп
көрсетеді. Осы жастағы украиндардың орыс тілін меңгеруіне кел-
сек, олардың орыс тілін ауызша түсінетіні – 98,1%, оның ішінде
еркін оқи алатыны – 97,0%, еркін жаза алатыны – 95,7% екен.
Міне, бұл санамаланып өткен
тоғыз этнос жоғарыда айтып
өткендей, аймақ көлемінде өтіп жатқан әлеуметтік және тіл-
дік үдерістерде қомақты рөл атқаратын этностар.
Аймақтағы
этнолингвистикалық жағдаят шеңберінде қамтылып өтілуге тиісті
мәселелердің біріне ана тілін және екінші тілді білу деңгейлерін
қарастыру жатады. Өз ұлтының тілін меңгеру – бұл ұлттық сана-
сезімнің өсу деңгейін көрсетеді және әрбір адамның қасиетті
борышы. Ал өзге тілді меңгеру күнделікті өмірде қолдану –
әлеуметтік
қажеттілік, өмір шындығы.
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы этнос тілдерінің меңгерілуі
әр алуан. Жалпы алғанда мынадай:
өз ұлтының тілін ана тілім
деп санайтындар барлық тұрғындардың 96,8% құрайды. Ал басқа
ұлттың тілін ана тілім деп санайтындар – 3,2%.
Облыста өз ұлтының тілін ана тілім деп санап, оны меңгеруге
барынша ден қойған этностарға қазақтар мен орыстардың басқа
этностар ішінен: өзбектерді (97,0%), түріктерді (93,6%), күрдтерді
(89,4%), ұйғырларды (83,3%), т.б. айтуға болады.
Аймақта ана тілін ауыстырып, өзге тілге біршама көше бастаған
бірнеше диаспора өкілдері бар. Олар көбіне аз санды болып келетін
қырым татарлары, еврейлер, марийлер, хакастар, тувалықтар т.б.
138
олар 100% өзге тілді ана тілім деп санайды. Сол сияқты аймаққа
қарайтын төрт облыстағы кейбір көп санды болып келетін этно-
стар да, шамамен жартысынан астамы, өз ана тілін жоғалтып, өзге
тілді ана тілін деп санайды. Олар: белорустар (72,4), украиндар
(67,3%), немістер (66,0%), поляктар (58,0%) т.б.
Міне, осы және басқа да жағдайлар
мен әралуан факторлар
елімізде тіл саясатын дұрыс бағытта жүргізуге, елде және оның
аймақтарында қалыптасқан тілдік
ахуалға нақтылы әлеуметтік
лигвистикалық талдау жүргізуді, сипаттама,
баға беруді керек
етеді. Бұл өз кезегінде халықтың тілдік бағыт-бағдарын дұрыс
анықтауда, әсіресе мемлекеттік тілдік коғам өміріне енуі, меңгеруі,
оқылуы, қажеттіліктің пайда болуы не болмауы т.б. мәселелеріне,
сондай-ақ халықтың орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі
халықтың сұранысы, олардың мемлекеттік тілді дамытудағы орны
мен рөлін анықтауға жәрдемдеседі.
Қазақстандық диаспоралардың
өз этикалық тілдерін білу
деңгейі, олардың қазақ және орыс тілдерін меңгеруі,
қоғамдық,
көпұлттылық мәселелері, тілдердің өзара қарыс-қатынасы, әсері,
жақындасуы т.б. мәселелер қамтылып, зерттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: