154
2.Тілдің атқаратын
минималдық
қоғамдық қызметінің теория-
лық тұрғыдан мүмкін болатын шегіне екі әңгімелесушінің қарым-
қатынасы жатады. Бірақ мұндай да тіл жоқ.
3.Қоғамда атқаратын қызметі тұрғысынан әлемдегі барлық тіл-
дер осы аталған екі шектің арасында, яғни максималды және ми-
нималды қоғамдық қызмет атқарады.
4.Әрбір тіл максималды және минималды сандағы қоғамдық
қызмет атқару мүмкіндігіне ие. Тілдердің қоғамдық қызмет
атқаруындағы бір-бірінен ерекшелігі олардың құрылымдық си-
патында емес, қоғам өміріндегі рөліне, яғни оларға әсер ететін
әлеуметтік факторларға байланысты.
Егер тілдің атқаратын қызметтік жүктемесіне сол тіл қамтамасыз
ететін қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларын бірлік ретінде ала-
тын болсақ (отбасылық қатынас, ауызекі шығармашылық, әдебиет,
білім беру, ғылым т.б.), онда көп ұлтты мемлекеттегі, тіпті бүкіл
әлемдегі тілдердің қызметтік типологиясынның үлгісін жасауға
болады. №1 кестеге қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: