170
да бір үлкенді-кішілі мемлекет алдымен өзіндік ішкі сыртқы сая-
сатын айқындап алатыны белгілі. Бұл мәселе осы екі саясатта үш
үрлі көрініс береді.
Біріншіден
, мемлекеттің сыртқы саясатында шет елдермен
қарым-қатынаста қолданылатын тіл ресми белгіленеді.
Екіншіден
, көптілділік жағдайында мемлекеттің ішкі сая-
сат жүйесінде тұрақты тіл саясаты белгіленіп,
онда тілдердің
мәртебелері мен қолданылу аялары айқындалады.
Үшіншіден,
мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаттары сол мемлекет
халқының ортақ негізгі тілінде түзіле отырып, жұртшылыққа ба-
янды етіледі.
Олай болса, мемлекеттік тіл алдымен «билік тілі» өйткені мем-
лекет – басқарудың институты мен тетігі (механизмі) десек, мем-
лекеттік тіл – басқарудың институттанған тілі, биліктің өмір сүру
тілі. Сан алуан тілде сөйлейтін адамдардың өз ана тілін және өзге
тілдерді меңгеру мүддесін қорғау міндетіне жауап беру үшін билік
пен тіл тұтастыққа бірігеді. Біріншісі екіншісіне көмектеседі,
екіншінің көмегімен біріншісі қосымша күшке ие болады. Мем-
лекеттік тілді білудің әлеуметтік қажеттілігі табиғи түрде жүзеге
асқанда одан ұтатын тек мемлекет қана емес, сол мемлекеттің
әрбір азаматы болмақ.
Мемлекеттік тіл –
көптілді, сондай-ақ біртілді қоғамның өзі
айналып өте алмайтын аса қажетті құылыс. Ол жоғарыда ай-
тып өткеніміздей, әрбір
мемлекеттің саяси құрылымына, өзіндік
ұстанған ішкі, сыртқы саяси бағыттарына байланысты әрқалай
сипатталады. Мәселен, Франция, Испания, Шри-Ланка, Пакис-
тан,
Малайзия, Судан, Қытай сияқты елдерде мемлекеттік тіл –
оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге
тиісті тіл болса, Индонезия, Филиппинда мемлекеттік тіл көпұлтты
елдің түрлі халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың тиімді
құралы деп анықталады. Кейбір елдерде мемлекеттік тіл сол
елдің лингвистикалық бірлігін білдіреді. Мысалы, Қытайда тіл
тұтастығы – ел тұтастығы деп ұғынылады,
путунхуа талабынан
ауытқу ұлттық бірлікті бұзу болып табылады.
171
Сондай-ақ мемлекеттік тіл кейбір елдерде (Мысалы Пакистан-
да) қарсы шығуға болмайтын тіл, оған қарсы әрекет ету мемле-
кетке қарсы шығу деп бағаланады. Енді бір елдерде екінші бір
тілді мемлекеттік деп тану ол елдің
халқын екіге жаруға әрекет
ету деп бағаланады. Сол сияқты бірқатар елдерде мемлекеттік тіл –
мәртебесін талқыға салуға Конституция бойынша барлық деңгейде
тыйым салынған тіл. (Қараңыз: Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра»).
Тағы бір елдерде мемлекеттік тіл ретінде сол мемлекеттегі
этностардың біреуінің кейде бірнешеуінің тілдері қолданылуы
да ұшырасады. Мысалы, Канаданың Квебек провинциясында
мемлекеттік тіл болып тек бір ғана тіл француз тілі жарияланса,
Канаданың өзінде мемлекеттік тіл ретінде ағылшын, француз тіл-
дері қолданылады. Ал енді бір елдерде ресми түрде көпұлтты ел-
дегі ешбір этностың тілі мемлекеттік тіл ретінде көрсетілмеуі де
кездеседі. Мұндай жағдай Америка
Құрама Штаттарында орын
алған. Сондай-ақ кешегі Кеңестер Одағында да орыс тілі ешқандай
заңдылық актілерінсіз-ақ мемлекеттік тіл, ұлтаралық қарым-
қатынас тілі ретінде қызмет еткені белгілі.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды негізге алар болсақ, «мем-
лекеттік тіл» ұғымының мәнін былайша түсіндіруге болады:
1.Қандай да тіл болмасын, егер ол мемлекеттік тіл болып (бір
өзі) жарияланса, ол сол елдің негізгі тілі.
Сондықтан да ол тіл
әкімшілік басқару органдарының қызмет бабында қолданылуы
шарт. Сондай-ақ ол ресми құжаттарда, өндіріс, халық ағарту,
заң, құқық қорғау органдары сияқты сан алуан қоғамдық өмірдің
маңызды салаларында алдымен пайдаланылады.
2.Мемлекеттік тіл – оның
жариялаған ел азаматтарының
барлығы міндетті түрде білуге тиісті тіл.
3.Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі
(символы).
4.Мемлеттік тіл – көпұлтты елдің күллі халқын саяси-мәдени
бірлікке ұйымдастырудың тиімді құралы.
5.Мемлекеттік тіл елдің лингвистикалық тұтастығын, бірлігін
көрсетеді.
172
6.Мемлекеттік тіл – мемлекет қамқорлығына алынған тіл.
Оған қарсы шығу, қарсы әрекет ету мемлекетке қарсы шығу деп
бағаланады.
7.Мемлекеттік тіл екінші бір тілді мемлекеттік тіл деп танумен
сыйыспайды және ол елдің халқын екіге жаруға әрекет ету болып
табылады.
Мемлекеттік тілдің осы көпшілікке танымал анықтамаларын
және түрлі елдердегі осындай көріністерін негізге алғанда алды-
мен мынадай мәселелердің басын ашып алу қажет:
Достарыңызбен бөлісу: