Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Ұлттық-тілдік идеологияның типтері



Pdf көрінісі
бет84/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111
4.Ұлттық-тілдік идеологияның типтері.
Ұлттық-тілдік 
саясат белгілі бір теориялық және идеологиялық негіздемелер-
ге сүйенеді. Мемлекет, қоғамдық кластар мен жіктер, партиялар 
мен әр түрлі қозғалыстар ұлттық мәселе бойынша белгілі бір 
тұжырымдамаға, яғни өз түсініктерінде халық, ұлт, ұлыс деген-
дер кімдер, халықпен (этноспен) тіл, дін, мәдениет, мемлекет 
қалай байланысқан; мәдениетте, саясатта, идеологияда этникалық 
және жалпыадамилық, ұлттық, дінге сенушілік қалай сипаттала-
ды, халақтардың өзара қарым-қатынасындағы әділдік пен алға 
ұмтылушылықтың (прогресс) мәні не дегендерге сүйенеді.
Гуманитарлық сараптамалық тұрғыдан ұлттық мәселе бойын-
ша әлемдік қауымдастық белгілі бір басымдылықтар, бағыт-
бағдарларға негізделген шарттар жасаған. Бұл шарттар БҰҰ 
құжаттарында анық көрсетілген. Айталық, «Адам құқығының 
баршаға ортақ декларациясы (1948) мен «Адам құқығы туралы 
Халықаралық биллге (1966) сәйкес этнос пен мемлекет құқығына 
қарағанда адам құқығы жоғары басымдылыққа ие. Этнос құқығы 
этносты құрайтын адамдар құқығы арқылы жүзеге асады, ал 
мемлекет этникалық белгілеріне қарамастан барлық азаматтар 
құқығын қамтамасыз етуі керек.
5.Тілдердің қолданылуын заң арқылы реттеу. 
Т і л д е р д і ң 
қоғамда қызмет етуін заңды реттеу, әдетте, этникалық қостілділік 
жағдаятына қажет. Ол тілдердің ресми мәртебелерін, қолданылу 
құқығы мен салаларын заңдылық тұрғыдан анықтайды.
Көптілділік жағдайында заң тілдерге тең немесе тең емес 
мәртебе беруі мүмкін. Алайда мәртебедегі заңдылық теңдік не 
теңсіздік мемлекеттік саясат бағытының шынайылылығын көрсете 
алмайды.
Көптеген елдерде тіл туралы заңдар жасалу дәрежесіне қарай 
әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда заңдар тілдің ресми (мем-


169
лекеттік) салалардағы қолданылуын реттеп, жеке өмірдегі тілді 
таңдауға, жұмыстағы бейресми қатынастарға араласпайды.
Зайырлы мемлекеттерде тіл туралы заңдар діни бірлестіктер 
мен ұйымдарға тарамайды. Заңдар, әдетте сөз таңдау, сөз формасы, 
сөзді дыбыстау т.б. мәселелерді қозғамайды, бұл заңдардың неме-
се билік органдарының міндеті емес, лингвистиканың тіл норма-
ландыру аймағы, «ішкі» тілдік саясат, тіл мәдениетінің мәселесі.
Көптеген елдердің тіл туралы заңдарында заңдылық тұрғыдан 
реттелетін обьектілер құрамы бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бір-
шама типті обьектілер мыналар: 
1) тілдің ресми (заңдылық) мәртебесі; 
2) тілдің қолданылуы мүмкін немесе міндетті болып табылатын 
әлеуметтік өмір салалары
3) білім беру саласындағы социумның тіл қолдану ерекшелігі 
мен дәрежесі.
Осыларды қорыта келгенде, бүгінгі қазақ тілінің жағдайына 
байланысты мыналарды айтуға болады:
1.Қазақ тілінің қарым-қатынастық рангісі жан-жақты зертте-
луі керек. Бұл – оның бүгінгі кезеңдегі хал-жағдайына әлеуметтік 
лингвистикалық сипаттама беру деген сөз.
2.Қазақ тілінің заңдылық рангісін нақтылау керек. Бұл - оның 
мемлекеттік мәртебесін іс жүзіне асыру деген сөз.
3.Қазақ тілінің жағдайын жақсарту бойынша нақтылы шаралар 
белігіленуі қажет. Бұл – адамдардың тілді саналы түрде дамыту 
мүмкіндігін іске қосу деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет