Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Қандай тілді ел аумағында міндетті мемлекеттік деп



Pdf көрінісі
бет87/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111
2.Қандай тілді ел аумағында міндетті мемлекеттік деп 
тануға болады?
Тіл мәртебелерінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік (ре-
сми) тіл. Қандай да бір тілдің ел аумағында мемлекеттік тіл бо-
лып танылуы үшін ол барынша дамыған тіл болуы керек. Тілдің 
дамығандық деңгейін белгілі социолингвист-ғалым Ч. Фергюссон 
мынадай үш түрлі белгіге ие болуымен анықтайды:
1) 
графикаланған
 
(графизация), яғни жазу жүйесі жасаған тіл;
2) 
жүйеленген
 
(стандартизация), яғни ауызша және жазбаша 
формалары нормаланған тіл;
3)
 жаңарып жетілген
 
(модернизация), яғни лексикалық, син-
таксистік және стилистикалық жағынан жетілген, терминологиясы 
бай, осы заманғы ғылыми-техникалық прогресс пен саяси өмірді 
қамтамасыз етуге жарамды тіл болуы керек.
5.4 Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді өмірге 
енгізу мен дамыту проблемалары: мемлекеттік тіл және тіл 
саясаты
Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық 
қажеттілікке орай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер 
құрылды. Бұл орныққан жаңа әлеуметтік-саяси ақуал қоғамның да, 
оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. 
Дүниеге, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі 
өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз 


174
дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы 
кіріптарлықтан, ұлттық кемітушіліктен құтылу үшін өз ұлтының 
тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, 
өзіндік мемлекеттік сәйкестілігін (идентичность) қалыптастыруға 
ұмтылды. Дегенмен, бұл көпұлтты болып келетін республика-
ларда біреулер үшін қуаныш сезімін тудырса (республиканың 
титулдық ұлттары үшін), енді бірқатарына (орыс, орыстілділер 
үшін ) салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді ши-
еленіссіз қалдырмады. 
Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы 
халық тілдерінің (республиканың титулды ұлты) өз мәртебесіне 
лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасады. Мұның 
себебі біріншіден, «мемлекеттік тіл» ұғымының дағдылы түрде 
қалыптаспағандығына байланысты болса, екіншіден оның өз 
мәнінде жұртшылыққа дұрыс ұғындырылмауынан, үшіншіден 
оны жариялаған Конституция, Тіл туралы заңдардың халықаралық 
құжаттарға (БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б.) сәйкестенбеуінен болып отыр. 
Сондықтан еліміздегі мемлекеттік тіл категориясының мәнін 
дүниежүзілік тілдік процесс деңгейінде ала отырып анықтаған 
жөн. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі ор-
нын анықтап алу қажет. Бұл жөнінде алдымен кешегі КСРО-дағы 
және бүгінгі ТМД елдеріндегі тәжірибелерге шолу жасайық.
«Мемлекеттік тіл» ұғымы жарты ғасырдан астам уақыт 
бойында кеңестік республикалардың не конституцияларында, 
не заң ғылымдарында, не лингвистикалық әдебиеттерінде жете 
зерттелмегені былай тұрсын, өз мәнінде де қарастырылмады. 
Қарастырылған жағдайдың өзінде ол бүгінгі күн тұрғысынан 
қарағанда қарама-қайшы мағынада түсіндірілді.
Мемлекеттік тіл идеясының өзі кеңестік идеологияға жат, қанау, 
кіріптар ету немесе күштеп ассимиляциялаудың басты айыпкері 
ретінде ұғындырылып, оны шет елдерге тән адамды адамның 
қанауы, бір ұлттың екінші ұлтқа билік жүргізу құралы деп 
түсіндірілді. Мысалы, Үлкен Кеңестік Энциклопедияда оған: «Го-
сударственный язык, эксплуаторских многонациональных государ-


175
ствах язык, признанный в законадательном порядке обязательном 
в данной стране, для ведения делопроизводство в учереждениях, 
преподавание в школах, державной нации устанавливает в прину-
дительном порядке свой национальный язык, всячески стесняя и 
ограничевая языки других народов»,- деп анықтама береді.
Міне, осылайша біртіндеп мұндай анықтамалар «мемлекеттік 
тіл» терминін кеңестік өмір салтына сыйыспайтындай етіп көрсе-
туі өрши түсті. Бұл сөз жүзінде тілдер теңдігін мойындаған, ал іс 
жүзінде орыс тілінің үстемдігін жүргізуге бағытталған кертартпа 
тіл саясатының бүркеншегі еді. Сондықтан мемлекеттік тіл пробле-
масын қозғауға батылы жетпеушілік немесе бұл ұғымның осындай 
түсініктемелеріне үнсіз бас изеушілік түрлі саладағы мамандардың 
(социолингвистердің, құқықтанушылардың, тарихшылардың т.б.) 
еріксіз оның аса маңызды қызметтік мәнін назардан шығарып алды. 
Сол себептен де Кеңес үкіметі жылдарындағы заң құжаттарында 
«мемлекеттік тіл» термині кездеспейді.
Төңкерістен кейінгі бірінші бесжылдықта Одаққа қараған 
республикаларда мемлекеттік іс қағаздары заңды түде олар-
ды мемлекеттік тіл деп арнайы жарияламай-ақ, орыс немесе 
республиканың байырғы халқының тілінде жүргізіліп отырды. 
Бұл кезеңдерде тілдердің еркін қолданылуы мен дамуына біршама 
жақсы жағдайлар жасалды. Мысалы, бұған Қазақстан көлемінде 
қабылданған мынадай заңды құжаттарды атауға болады: 
1.1919 жылғы 10 шілдесіндегі Бүкілресейлік Атқару комитеті 
(ВЦИК) мен Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) декреті не-
гізінде қабылданған «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Со-
циалистік Республикасын құру туралы» (1920 жыл, 26 тамыз) де-
креті.
2.Қазақ КСР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай сьезі қабылданған 
ҚАЗ ССР еңбекшілері правасының декларациясы (1920 жыл, 6 
қазан). 
3.1921 жылы, 2 ақпандағы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Со-
веті қабылданған «Қазақ, орыс тілдерін мемлекеттік мекемелерде 
қолдану жөніндегі» декреті.


176
4.1923 жылы, 22 қарашада қабылданған «Қазақ тілінде іс жүргізу 
туралы» деп аталатын Қазақ КСР Орталық атқару Комитетінің де-
креті.
5.1924 жылы 18 ақпандағы Қазақ АССР-нің Орталық Атқару 
Комитеті қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы т.б. 
Мұнан кейінгі жылдарда, яғни 1924 жылы КСРО-ның жаңа Кон-
ституциясы қабылданып, онда тілдердің мәртебелері айқындалды, 
бірақ мұнда «мемлекеттік тіл» емес, «одақтас республикаларда 
жалпы қолданылатын тіл» туралы айтылды, ал оның қандай мағына 
беретіндігі, қолданылу аясы түсіндірілмей, жұмбақ түрінде қалды.
Соңғы жарты ғасырлық уақыт (1938-1987) аралығында «мем-
лекеттік тіл» ұғымы республика жұртшылығының өмірінде 
көрініс бермейді. Бұл тіл теңдігі мен ұлт тілдерін дамыту мәселесі 
сөз жүзінде сақталған, ал іс жүзінде саналы түрде тежеуге 
бағытталған саясаттың белең алған тұсы еді. Осы кезеңде не заң 
актілерінде, не ел Конституциясында заңды түрде мемлекеттік тіл 
ретінде жарияланбай-ақ орыс тілі КСРО аумағында барлық өмір 
салаларында жеке дара «ұлы» тіл болып шыға келді. Бұған бел-
гілі дәрежеде түрткі болған 1938 жылдың 13 наурызындағы КСРО 
Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК (б) Орталық Комитетінің 
«Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін 
міндетті түрде оқыту» жөніндегі қаулы болды. Қаулының мәтінін 
көріп отырғанымыздай не жергілікті тілдерге қысымшылық 
көрсету жөнінде, не орыс тілінің нақтылы мәртебесі туралы ештеме 
айтылмаған. Алайда, оның күнделікті өмірде, білім беру саласында 
өзге тілдердің қызметінің жарты ғасырға тежелуіне және онымен 
байланысты қалған өмір салаларында да күйзеліске түсуіне әкелді. 
Осының ізімен дәл осындай, яғни орыс тілін үйренуді міндеттеген 
арнаулы қаулылар 1948, 1961, 1978, 1983 жылдары қабылданып, іс 
жүзіне асырылды. Бұл ұлттық тілдердің өз сөйлеушілері үшін та-
станды тілге айналуына, тіпті кейбіреулерінің мүлдем тіл ретінде 
жойылуына әкелді. Мысалы, Кеңес үкіметі орнаған кезде РСФСР-
да тұратын халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937 жылғы көрсеткіш - 
90. Ал 1988 жылғы дерек бойынша КСРО-да оқу процесі небәрі 39 


177
тілде жүргізіліпті. Сонда арадағы елу бір жылда 51 тіл жойылған 
екен.
Осындай қатты күйзеліске түскен тілдердің бірі – қазақ тілі. 
Қазақ тілі бұрынғы Одақтағы өзге тілдер сияқты өзінің қызметін 
көптеген өмір салаларында қысқартты, өз сөйлеушілерінің екін-
ші тіліне айналып, тұрмыстық-отбасылық қатынасқа дейін ысы-
рылды. Оған тағы бір себеп бір сөзбен айтқанда Кеңес үкіметі 
мен Компартия жүргізген зорлап ұйымдастыру саясаты кезіндегі 
халықтың аштан қырылуы мен жөн-жосықсыз өзге ұлт өкілдерінің 
Қазақстанға жаппай қоныстандырылуы еді. Соның кесірінен қазақ 
тілі өз этникалық отанында көп ұлттылық жағдайға душар болды. 
Ұлтаралық қатынас құралы ретінде қазақтардың ықтиярынсыз 
икемделген орыс тілі өз өктемділігін жүргізді. Ақырында қазақ 
тілінің табиғи тілдік ортасы бұзылды. Қазақ жерінің солтүстігі мен 
орталығында, күллі қалаларында қазақтың азшылық болып қалуы 
желеу етіліп, ана тілі шет қақпай көрді. Мысалы, 1938 – 1985 
жылдары аралығында қазақ мектептерінің саны 4391-ден 2400-ге 
дейін азайған, басқаша айтқанда елу жылға тола толмас уақытта 
1901 мектеп жабылған екен [28, 181.]. Бұл қазақ халқының тілдік 
мүддесі тіпті де ескерілмегенін көрсетеді.
Қазақ халқы есін жиып, 1986-1987 жылдардан бастап азаттық 
үшін күреске шықты, ол тілден басталды десе де болғандай. 
Орталықтан тегеурінді әкімшілдігіне төтеп беріп, ана тілін дамыту 
күн тәртібіне қойылды. Осыған орай қазақ халқы зиялылыларының 
талап етуі бойынша 1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитеті мен Қазақ ССР Министірлер Советінің «Қазақ тілін оқып 
– үйренуді жақсарту туралы» қаулысы қабылданды. 
Мұнан кейінгі жылдарда КСРО-ның ыдырауы мен бұрынғы 
Одаққа қараған республикалардың тәуелсіздік алуымен сол 
республикалардың негізгі тілдері мен мемлекеттік тіл болып жа-
рияланды. Кейбір республикаларда өз тілдерімен қоса орыс тілін 
ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде қабылдады. Мысалы, 
Қазақстанның 1989 жылғы Тіл заңында: «Қазақ ССР-інде орыс тілі 
ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады.», -деп көрсетілсе, 


178
сол заңның екінші бабында: «Қазақ ССР-і орыс тілінің мемлекет-
тік тілімен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді», - деп жа-
зылды. 
Бірақ қабылданған конституцияларда да, шыққан заңдарда да 
«мемлекеттік тіл» ұғымының түсініктемесі берілмеді. Айталық сол 
тұстағы, яғни 1989 жылы өз тілдері мен орыс тілін қатар мемлекет-
тік тілдер ретінде жариялаған Прибалтика республикаларының, 
Тәжікстан, Украина, Белорусия, Қырғыз, Өзбек, Қазақ респуб-
ликаларының тіл туралы заңдарынан мемлекеттік тілдің анық-
тамасын табу қиын. Дегенмен, олардың әрқайсынан көмескі 
түрде болса да мемлекеттік тілдің қолданылатын кейбір өмір 
салаларының тізімін аңғаруға болады. Мысалы, Молдавия 
Конституциясының 70-бабына сәйкес қабылданған тіл заңында 
Молдавияда мемлекеттік тіл – молдаван тілі деп жазылғаннан кей-
ін, оның түсініктемесі ретінде мынадай сипаттама берілген: «Госу-
дарственный язык действует политической, экономической, соци-
альной и культурной жизни и функционирует на основе латинской 
графики», – делінген. Ал Өзбекстанда өзбек тілін мемлекеттік тіл 
ретінде жариялаған заң бабында мемлекеттік тілдің өмір сүруі мен 
дамуындағы республиканың міндетін айырықша атап көрсетеді. 
Ол заң бабында Өзбек ССР-і өзбек тілінің республикадағы сая-
си, әлеуметтік, эканомика және мәдени өмірде дамуы мен қызмет 
етуін қамтамасыз етеді деп жазылған. 
Мемлекеттік тіл туралы бұлардан сәл бөлектеу түсінікті Қырғыз 
заңы береді. Олардың тіл туралы заңында мынадай тұжырым жа-
салады: «В качестве государственного языка киргизискии язык яв-
ляется одним из символов государственного сувернитета Киргизи-
ской ССР и функцонируест во всех сферах государственной и об-
щественной деятельности, в области экономики, науки и техники, 
народного образования и культуры, общения граждан республи-
ки». Ал қалған республикалардың заңдары осыларды қайталайды, 
енді біреулерінде мұндай сипаттамалар да кездеспейді. 
1989 жылдың басында «КСРО халықтары тілдері туралы» 
заңның мәтінін даярлау мен талқылау басталды. Талқылау түрлі 


179
заң аспектілері бойынша, оның ішінде көпшілік бөлігінің ана тілі 
болып табылатын орыс тілінің заңдылық мәртебесі төңірегінде 
жүрді. Заң басынан бастап оның жасаушылардың ойлауымен 
және солардың көзқарастарына сәйкес сол уақыттағы іске асы-
рылып отырған тіл саясатының органикалық компоненті ретін-
де қарастырылды, оны тіпті аз мөлшерде де өзгертпеуді көздеді. 
Осы мақсатпен 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған «КСРО 
халықтарының тілдері туралы» заңның 4-бабында орыс тілі КСРО 
аумағында ресми тіл болып жарияланды. Бұл заңда да «мемле-
кеттік тіл» ұғымына ерекше мән бере қойған жоқ. Керісінше, ол 
«мемлекеттік тіл» терминіне тағы бір ұғымды – «ресми тіл» тер-
минін ендіріп, шатастырушылық туғызды. Мұнда «ресми тіл» тер-
минін «мемлекеттік тіл»терминінен бөлектеп көрсетіп, былай деп 
түсіндірді: 
«... очерчивает определенную сферу его применение как сред-
ства офицальных отношений, процесса государственной деятель-
ности и межнационального общения» [51, 19.]. 
Орыс тілінің осы ресми тіл болу мәртебесі кейінгі кезеңдерде 
де егемен мемлекеттердің заң құжаттарында әлі қолданыстан 
қалмай келеді. Бұл қазіргі таңда өз тілін мемлекеттік тіл ретінде 
жариялаған республикаларда көпшілік жағдайда «мемлекеттік 
тіл» және «ресми тіл» дегендердің бір мағынаны білдіретіндігі 
ескерілмейді, ара жігінің алшақтанып, бір-біріне қарсы қойылуына 
себепші болып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының соңғы 
Конституциясының 7-бабында, Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемле-
кеттік тілі - Қазақ тілі», - деп айқын да анық жазылған. Ал орыс 
тілі жөнінде: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі 
басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең 
қолданылады (5-бап)»,- делінген. Осыған қарап, оны ресми тіл деп 
танысақ, бұл жөнсіз, әрі кереғарлық болады.
Шындығында, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігіне дау жоқ. 
Ал орыс тілінің Қазақстанда ресми тіл болуы екіталай. Өйткені 
Конституцияда, Тіл турлы заңда да қазақ тілінің мәртебесі сияқты 


180
орыс тілінің өзіндік мәртебесі көрсетілмеген (оның тек қолданылу 
аясы ғана анықталған). Демек, Қазақстанның ресми тілі – орыс тілі 
деп көрсетілмеген соң оны ресми тіл деп тану қалай болғанда да 
заңсыз әрекет. Егер байбына барсақ, ол Қазақстандағы көптеген 
этностардың біреуінің ғана тілі болып саналады.
Жалпы әлемдегі тілдік процеске назар аударсақ, онда «мем-
лекеттік тіл» және «ресми тіл» дегендер өзара синоним сөздер 
ретінде ұғындырылады. Әрине, «ресми тіл» терминінің «мемле-
кеттік тіл» терминіне бөлектеніп қолданылатын сәттері де кезде-
седі. Мұндайда ол бір мемлекеттен тысқары елдер, мемлекет-
тер арасындағы келісілген тіл қызметінде қолданылуы мүмкін. 
Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілі деген сияқты 
т.б. Бұл екі терминнің бір мемлекет аумағындағы қолдануына кел-
сек, әлемдегі көптеген елдерде әлеуметтік маңызы зор салаларда 
қолдануы үшін заңдастырылған негізгі тілді көбінесе «ресми тіл» 
деген атаумен беру қалыптасқан. Мысалы, Энциклопедиялық заң 
сөздігінде оған мынадай анықтама беріледі: «Государственный 
язык. См. Официальный язык» (Қараңыз: 87-б.). Официальный 
язык – основной язык государства, используемой в законодатель-
стве и официальном делопроизводстве, судопроизводстве, обуче-
ние и т.д. (Қараңыз: 303-б.). 
Ал біздің елімізде қазақ тілінің Конституциядағы мем-
лекеттік мәртебесіне байланысты Қазақстан Республикасы 
Конституциясының түсіндірме сөздігінде мынадай анықтама 
берілген: «Мемлекеттік тіл – тұрғылықты халықтың және 
Қазақстан Республикасы азаматтарының басым көшілігінің тілі» 
(Қараңыз: 67-б.). Дегенмен, мемлекеттік тілді мемлекеттікң негізі 
ресми тілі, тұрғылықты халықтың және басым көпшіліктің тілі 
деп анықтау жеткіліксіз. Өйткені мемлекеттік тіл мәртебесіне ие 
болған тілдің сол елдің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде 
өзіндік орны мен рөлі болу қажет.Сондықтан оған белгілі ғылым 
Б.Хасанұлы: «Государственный язык – основной компонент соци-
ально–коммуникативный системы определенного государства, вы-
деленный в официальное положение в ранг государственного явля-


181
ющийся обязательном к использованию всем населением на всей 
территории страны в различных сферах жизни»,- деп анықтама 
беріп толықтырады. Олай болса Қазақстан үкіметі мен Парламенті 
тәуелсіздік жағдайына екінші бір тілдің (орыс тілінің) мемлекеттік 
тіл қызметінде қолданылуын егемендік иесі Қазақстан халқының 
бірлігін бұзуға әрекет деп бағалап, Тіл туралы заңды, оны жүзеге 
асыру шараларын халықаралық нормаларға сәйкестендіруі қажет. 
Осы мәселе – Тіл заңы, мемлекеттік тіл мәселесі – 1997 
жыл 5 желтоқсан аралығындағы Европадағы қауіпсіздік пен 
ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) азшылық ұлттар ісі жөніндегі 
Жоғарғы Комиссары Макс Ван Дер Стульдің қатысуымен Ал-
маты қаласында өткен «Басқаруды жергілікті деңгейлерінде 
этносаралық қатынастары үйлестіру» атты халықаралық семи-
нарда арнайы қарастырды. Бұл жөнінде Е.Шәймерденұлының 
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңның негізінде ұлттық 
саясатты үйлестіру» атты және Б.Хасановтың Қазақстан Респу-
бликасы «Тіл туралы заңы және оның халықаралық нормаларға 
сәйкестілігі» атты баяндамалары тыңдалады. Оларда Тіл туралы 
заңның халықаралық нормаларға жалпы сәйкес келетінін, деген-
мен, оның жасалу кезінде кейбір баптарында біртілділердің (орыс 
тілділердің) көңіліне қараушылық басым болғанындығы атап ай-
тылды. Бұл мәселенің халықаралық нормаларға сай шешіле баста-
уын көрсетеді.
Мемлекеттік тіл – мемлекетпен байланысты туындаған саяси 
әрі әлеуметтік лингвистикалық категория. Қандайда бір тілдің 
мемлекеттік тіл ретінде танылуы, дамуы қоғамның, мемлекеттің 
әлеуметтік-экономикалық құрылымына, саяси күштерінің 
мүдделерінде, олардың ұстанған ішкі, сыртқы саясаттарына, 
халықтың әлеуметтік лингвистикалық бағыт-бағдарына байланы-
сты болады. Демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет