148
Әлемдік тәжірибеде екі тілді
қатар пайдаланатын қоғамның
болатыны сияқты, бірнеше қоғамға қатар қызмет ететін тіл де аз
емес.
Адам – әлеуметтік тұлға. Адам міндетті түрде белгілі бір тіл-
де сөйлесетін этникалық қауымдастыққа енеді, ал ол еш уақытта
томаға-тұйық болмайды. Байланыс міндетті түрде екі этникалық
қауымдастықтың тілдерін бірдей қамтып немесе біреуінің тілін-
де ғана жүзеге асады. Қазақтың «адамның күні – адаммен» дей-
тіні сондықтан. Сөйтіп,
адамзат тарихында бір емес, екі тілді
білу қажеттігі пайда болады. Қостілділік
жалпы табиғатында
жеке адамға ғана тән құбылыс емес, жалпы әлеуметтік сипаттағы
құбылыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: