Маңызды ережелер - Олимпиада турына өзіңізбен бірге қандай да болмасын байланыс құралдары мен ақпарат
көздерін (шпаргалка) алып кіруге болмайды; Ережені бұзған қатысушылардың жұмыстары
қабылданбайды;
- Егер сіз берілген уақыт біткенін хабарлағаннан кейін де есеп шығару мен жауап жазуды
тоқтатпай , одан әрі жалғастыратын болсаңыз, жұмысыңыз қабылданбайды;
- Химиялық элементтердің атомдық массаларын мәндерін тек сізге берілген периодтық кестеден
(IUPAC) алыңыз;
- Егер есептердің жауаптарын дәлелсіз (есептеулерсіз) келтіретін болсаңыз, оған дұрыс болса да
ұпай қойылмайды. Шешулерді жазған кезде міндетті түрде алдымен қай белгісізді
қалай белгілегендеріңізді , өздеріңіз қолданған
есептеу формулаларын, сосын формуладағы
физикалық шамалардың сан мәндерін (өзіңіз жазған кезекпен) қойып көрсету міндетті. Сандық
жауаптар маңызды (мәнді) цифрлар сандарын ескере отырылып келтірілуі міндетті. Егер соңғы
шарт орындалмаса тиісті ұпайдың жартысынан, ал оған қоса өлшем бірліктері жазылмаса, онда
қалғанының жартысынан тағы айырыласыз; сонымен, бұл талаптарды ұстанбасаңыз, дұрыс
шығарылған есебіңізге тиісті ұпайдың тек ширегін (25%) ғана аласыз;
- Есептерді кез келген кезекпен шығаруға және жазуға болады. Жазу өте анық түсінікті болғаны
дұрыс. Есептің нөмірлерін оңай көрінетіндей және бір есептің аяғы мен екінші есептің басын
оңай ажыратындай ірілеу жазған дұрыс.
- Жауаптардың соңғы нұсқалары ( үтір орны, дәрежелер, химиялық формулалар индекстері және
т.б.) мейлінше анық көрсетілуі міндетті. Олар анық болмаған жағдайда бағаланбауы мүмкін!
Задание по химии регионального этапа Президентской олимпиады-2019 Время для выполнения 180 минут. 25 баллов.
(Можно пользоваться микрокалькулятором и периодической системой)