Астана қаласындағы № 68 ЖББОМ негізінде «Дара»қайырымдылық
қорымен бірге ЕБҚ бар балаларды білім беру процесіне қосу тәжірибесі
2013 жылдан бастап «Дара» Қайырымдылық қоры (бұдан әрі ҚҚ)
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісін кеңейту жобасын
іске асыруда, оның шеңберінде барлық Қазақстан бойынша 20 ППТК ашылды,
бұл ретте олардың көбі жалпы білім беретін мектептердің базасында
орналастырылған.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (бұдан әрі - ППТК) –
туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға
түзету көмегін ұсынатын арнайы білім беру ұйымы.
ҚҚ ұсынып отырған, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қосу
моделінде бала үшін де, сыныптағы мұғалім үшін де қосу процесі байыпты
және тиімді өтуі үшін Түзеу кабинетінің ресурсы мен кадрлық әлеуеті
пайдаланылады.
2017 жылы Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен ҚҚ ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу
моделін сынақтан өткізу үшін № 68 орта мектептің базасында жоба өткізуге
бастама көтерді. Жобаның негізгі міндеттері:
1)
Астана қаласындағы № 1 ППТК-нің әдістемелік және
педагогикалық ресурстарын пайдаланып, Ресурстық инклюзивті білім беру
орталығын ашу;
2)
Ресурстық орталықтың қызметін ауданның жақын орналасқан
мектептеріне кеңейту болып табылады.
Жобаны тиімді іске асыру үшін, мектептің орналасқан жерін ескере
отырып, Ресурстық инклюзивті білім беру орталығын № 68 орта мектепте ашу
туралы шешім қабылданды.
Ресурстық орталықтың міндеті – ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды жалпы білім беретін мектептерге толық және тиімді қосу үшін
қажетті жағдайлар жасау, осындай балалармен және олардың ата-аналарымен
жұмыс істейтін педагогтерге ғылыми-әдістемелік қызметтер кешенін көрсету.
ҚҚ пилоттық негізде Ресурстық орталықтың инклюзивті білім беру
үйлестірушісі бірлігін енгізді. Білім басқармасының тарапынан пилоттық
62
мектептерде арнайы педагогтер/инклюзивті білім беру үйлестірушілері
жүктемесі қосымша енгізілді.
Жобаның бастапқы сатысында пилоттық мектептерде мұғалімдерге, ата-
аналар мен оқушыларға сауалнама жүргізу арқылы ақпарат жиналды.
Сауалнаманың мақсаты – білім беру саласында педагогтердің, ата-аналар мен
балалардың білімдері мен құзыреттіліктері деңгейін зерделеу, мектептерге
инклюзивті білім беру моделін енгізу үшін педагогтердің дайындығын
жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу және инклюзивті мектеп ортасын
дамыту.
Бастапқы кезеңнің нәтижелері:
-
барлық пилоттық мектептерде педагогикалық ұжым мен ата-аналар
қауымдастығында инклюзивті білім беру туралы пікірдің әртүрлі
бағыттылығын, «инклюзивті білім беру» ұғымын білмейтіндерін және
түсінбейтіндерін;
-
инклюзивті білім беру практикасына формальды қарайтындығын;
-
мектептегі инклюзивті процестерге бірыңғай тәсілдің жоқ екенін;
-
мамандар мен мұғалімдер командасы өзара іс-қимыл жасамайтынын
көрсетті.
Қолдауға мұқтаж, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды анықтау
мақсатында Ресурстық орталықтың үйлестірушісі инклюзивті білім беру
практикасына қызығушылық білдіретін мектеп педагогтерінің қолдауымен
жағдайға зерделеу жүргізді және бастауыш сыныптарда оқитын балалардың
контингентіне талдау жүргізді. № 68 орта мектепте әдеттегі сыныптарда
оқитын 4 бала анықталды (стихиялық инклюзия). Осыған байланысты мектепте
психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум құрылды, оның
нормативтік құжаттарын инклюзивті білім беру үйлестірушісі мектеп
әкімшілігімен бірлесіп дайындады. Мектеп бұйрығымен бекітілген мектептегі
ПМПК туралы ережеге сәйкес оның құрамына: мектеп директоры, инклюзивті
білім беру үйлестірушісі, арнайы педагогтар (психолог, дефектолог, логопед,
әлеуметтік педагог), медицина қызметкері, мұғалімдер және ата-аналар кірді.
Арнайы педагогтер мен мұғалімдердің пәнаралық командасы
диагностикалық тексеру жүргізді, әрбір анықталған бала үшін жеке түзеу-
дамыту бағдары әзірленді.
Сонымен қатар, ҚҚ, Түзеу кабинетінің мамандары мен Ресурстық
орталықтың үйлестірушісі пилоттық мектептерде инклюзивті білім беру
мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес жұмыстарын жүргізді:
-
мектеп әкімшілігімен және педагогикалық құраммен кездесулер өткізу;
-
педагогикалық кеңестерге қатысу;
-
мұғалімдер үшін, сондай-ақ ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалардың ата-аналары үшін кеңестер;
-
арнайы педагогтер мен тьютордың қосымша жүктемелерін бөлу;
-
Ресурстық кабинетке орын бөлу.
Бұл жағдайда № 68 орта мектептің базасында Ресурстық білім беру
кабинетін ашу ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қосу моделін
63
енгізудің маңызды кезеңі болып табылды. Ресурстық кабинет – бұл бірнеше
аймақтан тұратын, әдеттегі мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар
баланың дамуы үшін тосқауылсыз, төзімділікті және достық атмосферасын
құруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ пәнаралық команданың жұмысы үшін
аймақ болып табылатын заманауи мектеп кеңістігі.
Практикада Кабинет төрт аймақтан тұрады:
-
педагогтер мен мамандардың командалық жұмыс аймағы, мұнда
мамандар мен педагогтер үнемі оқушылардың табыстарын, оқыту
стратегияларын, жеке бағдарларын негізде талқылайды;
-
баланың релаксация аймағы, онда оқушылар шаршағандарын басып,
демалады, доптармен секіреді және т.с.с.;
-
жеке сабақтар аймағы, мұнда балалар материалды бекіте алады,
мамандармен, тьютормен жұмыс істейді;
-
ата-аналарға кеңестер беру аймағы, мұнда мектеп педагогтерімен әртүрлі
мәселелерді талқылау жүреді.
Бұл кеңістік дамуында әртүрлі бұзылулары бар: БЦП, көру, есту, сөйлеу
қабілеті бұзылған, АСБ, Дауна синдромы және т.б. балаларды қосуға
көмектесетін әмбебап құрал болып табылады. Уақыт өте келе, қажетті
жабдықтың, әдебиеттің және дамытушы материалдардың тізімі әртүрлі
санаттағы балалардың келуімен толықтырылуға тиіс.
№ 68 орта мектеп жұмысының негізінде «Дара» ҚҚ № 19 орта мектепте
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды қолдау үшін Ресурстық
кабинет ашуды жоспарлап отыр.
Жобаның маңызды кезеңі Ресурстық орталықтың мамандарын және
инклюзивті білім беру практикасын іске асыратын мектептердің педагогтерін
оқыту болып табылады. Жобаның шеңберінде нормативтік-заңнамалық база
мен қолжетімді білім беру құқықтарын іске асыру, мектеп пен сынып
деңгейінде стратегиялық жоспарлау мен командалық өзара іс-қимыл жасау
мәселелерінен бастап жеке бағдарларды әзірлеу және оқу бағдарламаларын
бейімдеу мәселелеріне дейін инклюзивті білім берудің әртүрлі аспектілері
бойынша отандық және шетелдік сарапшылар шақырылып, семинарлар мен
шеберлік сыныптары сериясы өткізілді. Мұғалімдер алған білімдері мен
тәжірибесін бүгіннің өзінде өз сабақтарында табысты қолданып жүр.
Астана қаласының №68, №41 және №19 пилоттық мектептерінде жобаны
іске асыру нәтижесінде Ресурстық орталық мамандарының қолдауымен әртүрлі
ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау жүйесі бастау алды, инклюзивті сыныптардың
мұғалімдеріне кеңестік-әдістемелік, оның ішінде жеке білім беру бағдарларын
әзірлеуде және ЕБҚ бар балаларды дамытудың заманауи түзеу әдістемелерін
пайдалануда көмек көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген мектептердің педагогтері мектептердің жанынан
ресурстық орталықтар ашу инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларды дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу
мәселелерінде мектеп мұғалімдерінің мамандармен ынтымақтастық жасауының
64
тиімді формасы деп есептейді. Дәлелдемелер ретінде мұғалімдер өздерінің
қарамағындағы балалардың табысқа жету тарихын мақтанышпен ұсынды,
олардың кейбіреуінің қысқаша сипаттамасын төменде ұсынамыз.
Екінші сыныпта оқитын, БЦП диагнозы бар
Достарыңызбен бөлісу: |