Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению


 Педагог-ассистент қызметінің мазмұны мен ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет32/83
Дата21.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150271
түріМетодические рекомендации
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Педагог-ассистент қызметінің мазмұны мен ерекшелігі 
Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру инклюзивті білім беру 
процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеті оқу процесінде баланы 
қолдау болып табылады, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесу, 
сонымен қатар ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге 
көмектесу жатады.
Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар баланы қолдауы педагогикалық 
практикада жеке-бағдарланған, тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру 
үшін кең мүмкіндіктер береді.
ЕБҚ бар балаларды қолдау аясында педагог-ассистенттің қызметі 
пәнаралық командаға қатысушылардың барлығымен тығыз байланыстағы және 
өзара іс-қимыл жасаудағы өлшеусіз еңбектен тұрады.
Практикалық жұмыс тәжірибесі ЕБҚ бар балаларды қолдау 
командасының ұйымдасқан жұмысына әрбір маман өзіне жүктелген тар 
шеңбердегі кәсіби міндеттерді орындағанда ғана қол жеткізеді, баланы 
толыққанды білім беру процесіне қосу жөніндегі жалпы мақсаттарға жету 
жолындағы жұмыстарды да атқарады.
Командалық жұмыстың табыстылық кепілі мынадай сипаттардан 
тұратынын бөліп көрсетуге болады: 
-
кәсіби қызметтегі және дүниетанымдық аспектідегі бағдарлардың 
жалпы құндылықтары; 
-
өзара кәсіби және тұлғалық қолдау; 
-
білім беру процесіне қатысушылардың барлығымен жүргізілетін 
жұмыстағы бірыңғай философиялық және әдіснамалық тәсілдер; 
-
балаға және оның отбасына деген қарым-қатынастағы кәсіби 
ұстанымдардың бірін-бірі толықтырушылық және мамандардың құзыреттілігі, 
олардың жұмыстың барлық кезеңдеріндегі тығыз ынтымақтастығы; 
-
бірыңғай кәсіби тіл және терминологиялық орта; 
-
мамандар мен мұғалімдер бір-бірлеріне ұсынатын баланың 
ілгерілеушілігі, оның даму динамикасы туралы расталған ақпарат, сұранысты 
қалыптастырудағы белсенді ұстаным; 
-
жұмыс, әрі проблемалы, сыни жағдаяттардағы іс-қимылдың 
үйлестірілгендігі және нақты ұйымдастырушылық;
-
қосымша әдістемелік, материалдық және басқа да ресурстарды тарту; 
-
күрделі кәсіби қоғамдастыққа қатысу [28].
Педагог-ассистент жұмысының мақсаты ЕБҚ бар баланы мектептің және 
сыныптың жалпы білім беретін кеңістігіне табысты қосу үшін жағдайлар жасай 
отырып, мұғалімге көмек беру.
Бұл жұмыстың тиімділігі ЕБҚ бар бала өмірінің салаларын:
1. 
когнитивті 
(танымдық) саласын: білімі мен дағдыларын;
2. 
коммуникативті саласын
: қарым-қатынас жасай білуін, қарым-қатынас 
жасау процесінде туындайтын әртүрлі жағдайлардан өз бетінше шыға білуін;


70 
3. 
эмоционалдық саласын
: сыныпта оқу процесіне психологиялық 
бейімдеуді, оқыту процесіне және мектеп ортасында болуға қатысты жақсы 
эмоционалдық көңіл-күйдің туындауын және оны сақтауды;
4. 
дербестігін 
– 
өз-өзіне қызмет көрсету, психикалық және физикалық 
реттеуді дамыту тұрғысынан анықталуы тиіс. 
Педагог-ассистент пен ЕБҚ бар баланың өзара әрекет жасасуы – бұл 
тьютормен «селбесуден» баланың мектеп өміріндегі барынша дербестігіне 
біртіндеп жету.
Ерекше оқушының мектепте болуы үшін жағдайлар шын мәнінде 
қолайлы және оның дамуына түрткі болуы үшін педагог-ассистенттің 
жұмысының негізінде, балаға сену, оның жеке тұлғасына шынайы 
қызығушылық, оның ерекшеліктерін қабылдау, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, 
жүйелілік сияқты ұғымдар жатуы тиіс.
Мынадай міндеттерді шешкен кезде межеленген мақсатқа қол жеткізуге 
болады:
1. Баланы табысты 
оқыту 
үшін жағдай жасауға қатысу;
2. Баланы табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға қатысу;
3. Оның тұлғасының әлеуетін барынша ашуға көмектесу.
Өз кезегінде, аталған міндеттерді іске асыруға мынадай құралдармен қол 
жеткізіледі:
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет