76
-
дамуында қосымша (бір немесе бірнеше) ауытқулары бар балалар:
зердесі, көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалдық-ерік саласы
бұзылған.
Атап өтілгендей, есту қабілетіндегі бұзылыс, бірінші кезекте, едәуір
дәрежеде есту анализаторының жағдайына байланысты болатын психикалық
қызметті ‒ сөйлеу тілін қалыптастыруға теріс ықпал етеді.
Сөйлеу тілінің жағдайы бойынша есту қабілеті бұзылған балалардың
арасынан: сөйлемейтін (үйретілмеген балалар); сөйлеу тілінде жекелеген сөздер
ғана кездесетін балаларды (алғашқы үйрету сатысындағы); аграмматизмі бар
қысқа фразаларды айтатын балаларды; аграмматизмі бар үлкен фразаларды
айтатын балаларды; жасына сәйкес қалыпты фазада сөйлейтін балаларды атап
өтуге болады.
Осылайша, есту қабілеті бұзылған балалар әртекті топты білдіреді, ол
есту қабілетінің бұзылу дәрежесімен (сол немесе өзге дәрежеде байқалатын
кереңдік және саңыраулық) және сипатымен (кондуктивнті, сенсоневралды
және аралас кереңдік); есту қабілеті төмендеген уақытпен; сөйлеу тілінің даму
деңгейімен; дамуында қосымша ауытқулардың болуымен немесе болмауымен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: