§ 8.12 Тригонометриялық нивелирлеу
Іс жүзінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарында жоғары
дəлдікті, оптикалық теодолиттердің пайда болуына байланыс-
ты, биіктікті анықтау (өсімшені) үшін тригонометриялық əдісті
жиі қолданады. Бұл əдістің геометриялық нивелирлеу əдісіне
қарағанда жетістігі, биіктік шамасын алыстағы нүктелерге беру
119
болып саналады. Сонымен бірге құрылыс алаңдарындағы тар
жерлерде, тек қана тригонометриялық əдіспен ғана биіктік шама-
сын анықтауға мүмкіндік бар жəне инженерлік құрылыстардың
биік қабаттарына (плотина, көпір, мұнаралар, т.с.с.) биіктік шама-
сын жеткізу (анықтау) осы тригонометриялық нивелирлеу арқылы
іске асады.
Айталық,
А
жəне
В
нүктелері арасындағы биіктікті (өсімшені)
h
анықтау керек (59-сурет).
А
нүктесіне теодолит аспабын, ал
В
нүктесіне көздегіш нысана
(рейка, қада, шеге тəрізді зат, т.т.) орнатады. Теодолитті қалыпты
жағдайға келтіріп алып, көздеу дүрбісін
М
нүктесіне бағыттап, тік
бұрышты
v
(көлбеулікті) өлшейді. Өсімшені есептеу үшін,
А
жəне
В
нүктесі арасындағы
d
жазық қашықтығын,
i
аспап биіктігін
жəне
l
нысана биіктігін өлшеу керек.
d
қашықтығын,
i
аспап биіктігін жəне
l
нысана биіктігін өл-
шеу керек.
59-сурет
. Тригонометриялық
60-сурет
.Жер дөңестігіне жəне
нивелирлеу тəсімі рефракцияға түзету енгізу
Сонда 59-суреттен,
h + l= h
/
немесе
h= h
/
+ i- l.
(104)
h
/
= d×tqv
есепке ала отырып, тригонометриялық нивелир-
леу дегі өсімшені анықтаудың қазіргі пайдаланылып жүрген фор-
муласын жазуға болады,
h= dּtqv+ i- l.
(105)
Егер көздеу осін, нысанадағы аспап биіктігіндей биіктікке
бағыттасақ, яғни
i=l
, онда топографиялық түсірістерде кеңінен
қолданылып жүрген, қысқартылған өсімшені есептеу формуласын
алуға болады:
120
h = dּtqv
. (106)
d, i, l
мəндерін табу өте (өлшеу) жеңіл.
h = d×tqv
формуласы
арқылы өсімшені есептеуде көбінесе, арнаулы тахеометриялық
кестені пайдаланады.
(105) жəне (106) формулалар Жердің дөңестігін жəне реф-
ракцияны есепке алмайды, яғни бұл формулалар арқылы өсім-
шенің жуық мəнін ғана есептейді. Жер дөңестігі жəне рефрак-
цияның геометриялық мəнін 60-суреттен түсіндіруге болады.
Айталық,
А, В
жəне
I
нүктелері арқылы бастапқы
00
/
дең-
гейлік бетке параллель деңгейлік беттер жүргізілген. Жарық
рефракциясының əсерінен
IС
көздеу сəулесі
IЕ
/
шамасына
ауысады. Сонда бақылау нəтижесіне
рефракция үшін түзету
СЕ
/
=r
деген шаманы енгізуіміз керек. Ауа тығыздығы Жер бетінен
биіктеген сайын азая беретіндіктен,
IЕ
/
шамасының бағыты дөңес
жағымен жоғары қарай қараған.
60-суреттен рефракцияға түзетумен бірге Жердің дөңестігіне
түзету деп аталатын
К
түзетуін қоса қарастырады, суреттен,
h+ r+ l = i+К+СD
немесе
h = СD+ i – l + ( К - r).
(107)
IDС
үшбұрышында
D
нүктесіндегі бұрыш тік бұрыш болған-
дықтан жазатынымыз:
СD = d tqg.
(108)
Жоғарыдағы формулаларды есепке ала отырып, тригоно-
метриялық нивелирлеу үшін негізгі формуланы жазамыз:
h = d tqv+ i- l+f .
(109)
Есептеулер нəтижесінде жалпы Жер дөңестігіне жəне реф-
ракцияға түзету формуласы төмендегідей,
f = К- r=0,42
д
2
R
,
(110)
мұндағы,
R –
Жер радиусы.
f
түзетуі нивелирлеудің дəлдігіне (қандай дəлдік керек
екендігіне), жұмыс жағдайына, қойылған шартқа байланысты бо-
лады. Өйткені
d=
300
м
болғанда,
f
< 1
см
.
|