1.«Атау кередегі» жағымсыз образ Ерік. Өйткені ол өзі өсір­ген будан



Pdf көрінісі
Дата27.09.2022
өлшемі179,42 Kb.
#150900


1.«Атау кередегі» жағымсыз образ – Ерік. Өйткені ол өзі өсір­ген будан 
аралардан айны­майды. Оның өзі де будан тұқым... Әкесі қазақ, анасы орыс 
Еріктің ұлты жоқ. Ол үшін салт-дәстүр, тіл мен дін деген түк те емес. Ол 
ешкімнен жәбір көрмесе де адамдар арасынан қашады. Ауыл­дастарын үнемі 
жазғырып жүреді. Барлық мақсаты – көп дүние жинау. Ауру шешесі мен 
жарынан басқа ешкімі жоқ жал­ғыз жігіттің дүние жинаудағы мақсаты да 
айқын емес. Шығарма соңында сонаға айналып, ұшып кететін Ерік – 
ұлтсызданудың, мәң­гүрттіктің символы. Оған бәрібір. Ол «Неге біз осы?» 
деп жаны күймейді. Өмірлік сұ­рақтар қойып, оған жауап та із­демейді. Бірақ 
Таған сияқты адам­дардың энергетикасы оның әл­сіз жан дүниесін күйретіп 
жібергеніне таңғалуға да болмайды. 
2.«Атау-кере» повесіндегі Нүркенің өлім сәті алдындағы көрініске тоқталмай 
кетпеуге болмайды. Мұнда санаға бағына бермейтін, ақылға жеңдіре 
бермейтін фрейдизмге тән психологиялық өзгеріске көңіл қояды. Бұл мәселе 
әсіресе батыс модернистерінің ерекше назарында болған еді. Сол сияқты 
қаламгер қазақ арасына сіңіп Нюра Фадеевнадан Нүрке атанып кеткен
мұсылмандық сенімге біржола иланып-сенген, намазға жығылған адамның 
өмірінің соңғы сәтінде бейтаныс күштің ықпалымен мына өмірге өз дінінің 
шарттары бойынша бақұлдасып, шоқынуы ақылынан тыс жасаған қарекеті 
ретінде суреттеледі. Ол — өзінің ғұмыр бойы ұстанған сенімінен, өмір 
салтынан жатсынған адам. Осы уақытына дейін санасының түпкірінде өз 
дініне деген сағыныш ұялап жатқан. Көркем шығармадағы Айна енесінің 
сандығынан тапқан икона — Нүркенің өзін-өзі алдаған, өзінен-өзі жатсынған 
қарама- қайшылықты өмір сүргенінің куәсі. Икона — Нүркенің ақиқат 
болмысын ашуға қолданылған деталь. Өйткені «Ананың сүтімен рухына 
сіңген сенім түптің-түбінде бәрібір жеңіп шыққан еді». 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет