Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет48/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА

Талқылауға арналған сүрақтар
1. Геннің құрылымы мен қызметін зерттеу қашан жэне қалай 
басталды?
2. Америка оқымыстысы С.Бензердің Т-4 фагымен жүргізген 
тәжірибелеріне түсінік беріңіз.
3. Гендер организмдегі биохимиялық жэне морфологиялық 
жіктелулерді қалай анықтайды?
4. Ген қызметінің реттелу механизмдері қандай?
5. Ген қызметінің тоқырауы (репрессиясы) неге байланысты 
болады?
6. Оперон моделі туралы түсінік беріңіз.
7. Индукциялық және репрессиялық оперондардың бір-бірінен 
қандай айырмашылықтары бар?
VIII ТАРАУ
ӨЗГЕРГІШТІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Генетика 
түқым 
қуалаушылықпен 
қатар 
өзгергіштік 
заңдылықтарын 
да 
зерттейді. 
Өзгергіштік 
дегеніміздің 
өзі 
организмнің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі, яғни оның жаңа 
қасиеттерге ие болуы немесе бұрынғы бойында бар қасиеттерден 
айырылу қабілеті.
141


Организм фенотипінің дамуы оның тұқым қуалаушылығының 
негізі болып саналатын генотипі мен сыртқы орта жағдайына 
байланысты. 
Генотипі 
бірдей 
болғанымен 
түрліше 
орта 
жағдайларында, дамуына байланысты организм белгілері мен 
қасиеттерінің эртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Сонымен бірге 
организмде 
болатын 
толып 
жатқан 
белгілер 
сыртқы 
орта 
жағдайларының әсеріне бірдей жауап бере бермейді. Олардьщ 
біреулері сыртқы орта факторларының әсеріне өте көнгіш келеді, 
екіншілері шамалы ғана өзгереді, ал үшіншілерінде өзгеріс тым аз 
мөлшерде ғана болады. Мысалы, сиырлардың сүттілігі олардың 
азығына және күтіміне байланысты. Талапқа сай рационмен 
азықтандыра отырып, сиыр сүтін молайтуға болады. Ал сүтінің 
майлылығы малдың азығы мен күтіп бағу жағдайларына онша 
байланысты емес. Өйткені сүттің майлылығы сиырдың тұқымына тән 
біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, азық рационын жақсарта отырып, 
оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым түрақты белгі - сиырдың 
түсі. Бірақ жүнінің түсі де даму жағдайларына мүлдем байланыссыз 
деп ойлауға болмайды. Кейбір сүт қоректілердің түсіне сыртқы 
қоршаған 
ортаның температурасы 
эсер 
етеді. 
Оны 
мысалы, 
қояндардың қысқы және жазғы маусымдарда түсінің өзгеретіндігінен 
көруге болады. Сонымен организмде болатын белгілер мен қасиеттер 
түрақты түрде тұқым қуалайды. Олар сыртқы ортаның әсерінен 
өзгеріп, дамып отырады. Сол өзгергіштіктің нэтижесінде эволюция 
барысында жаңа биологиялық түрлер пайда болады.
142




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет