туралы жоғарыда айтылды. Мұндай
өзгергіштіктің болатындығы
Дарвинге де белгілі болған. Ол тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи
жэне қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің
тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған
деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз еді.
Сондықтан эртүрлі формадағы өзгергіштіктерді
тұқым қуалау
тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы
мэселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана
ғылыми түрғыда зерттелді. «Мутация» деген терминді ең алғаш, 1901
жылы Голландия
оқымыстысы Г Де-Фриз
өзінің
«мутациялық
теория» деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есекшөп белгілерінің
қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және ол ауытқулардың түқым
қуалайтынын байқады.
Де-Фриз теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз
мэнін жойған жоқ. Олар:
1 .Мутацияның кенеттен пайда болатындығы;
2. Жаңадан пайда болған формалардың түрақты келетіндігі;
3. Мутацияның сапалық өзгеріс больш саналатындығы;
4. Мутацияның өзі эртүрлі бағытта пайдалы да, зиянды да
болатындығы;
5. Бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы.
Бірақ Де - Фриздің қателік жақтары да болды. Ол табиғи сұрыптау
мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды.
Яғни мутациядан кейін
бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. Шын мэнінде мутация
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің шығар көзі ғана болып есептеледі,
ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады.
145
Мутациялар әртүрлі бағытта жүзеге асады. Олрдың көпшілігі
организмнің тіршілік қабілетін кемітіп жібереді.
Кейде тіпті өлімге де
душар етеді, оны летальды мутация деп атайды. Мутацияның жыныс
клеткаларындағы жэне оның хромосома аппаратындағы қандай
өзгерістермен байланысты екендігін
қарастырсақ,
оның бірнеше
типінің болатындығын байқай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: