Хромосомалық аберрацияны зерттеуде цитологиялық жэне
генетикальіқ
әдістерді ұштастыру
шешуші
орын
алады.
Хромосомалар құрылымының өзгеруін зерттеу үшін
мейоздық
профаза қолайлы. Себебі ол кезде хромосомалар коньюгацияланады.
Бұл мақсатқа политенді (алып) хромосомалар да пайдаланылады.
Хромосомалық аберрацияның негізінде эртүрлі фенотиптік
өзгерістер пайда болады.
ГЕНОМДЫҚ МУТАЦИЯ
Геномдық мутация дегеніміз - клеткадағы хромосомалар
санының
өзгеруіне
байланысты
организмнің
белгілері
мен
қасиеттерінде пайда болатын өзгеріштік. Геном дегеніміздің
өзі
гаплоидты хромосомадағы болатын гендер жиынтығы.
Енді осы
геномдық мутацияның пайда болу жолын қарастырайық. Хромосома
санының тұрақтылығын және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін
қамтамасыз ететін клетканың бөліну механизмдері митоз бен мейоз
екендігі белгілі.
Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосома
саны өзгерген клеткалар пайда болады. Геномдық мутация тұтас
гаплоидты жиынтықтың немесе жеке хромосомалалар
санының
көбеюіне не азаюына байланысты болады. Хромосомалар саны
гаплоидты
жиынтыққа
еселеніп
көбейетін
организмдерді
полиплоидты, ал
еселенбей көбейсе, оны анеуплоидты немесе
гетероплоидты деп атайды.
150