Кейбір тұқым қуалайтын белгілер үрпақтан ұрпаққа тарағанда
кез-келген жынысты
дарақтарға беріле алады, яғни доминанттық
жолмен тұқым қуалайды. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын
белгілердің
қатарына брахидактилия,
хондродистрофия,
беттің
секпілі,
көздің
катарактасы
жэне
сүйектің
омырылғыштығы
сияқтылар
жатады.
Рецессивті
гендер
арқылы
анықталатын
белгілердің тұқым қуалауы біршама күрделірек. Себебі мұндай
белгілер бірден білінбей, бірнеше буыннан кейін ғана білінуі мүмкін.
Бұл
белгілерге альбинизм, полиомиелитке шалдыққыштық, қант
диабеті ауруы т.б. жатады.
Генеалогиялық әдісті қолдану гемофилия (қанның ұйымауы)
сияқты аурудың түқым қуалауында өзінше бір ерекшеліктің
болатындығын көрсетті.
Әдетте гемофилик ұл дені сау
әке мен бұл ауру жөнінен
гетерозиготалы, бірақ дені сау ананың үрпағы болып келеді. Ал
гемофилия ауруымен ауыратын қыз ауру эке мен ауру анадан туады.
Мүндай белгілер жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды, яғни оны
анықтайтын гендер тек X хромосомада болады.
Сол сияқты құлақты
түк басып кету белгісі үлына тек әкесінен ғана беріледі. Себебі оны
анықтайтын ген У хромосомада ғана орналасады.
Генеалогиялық әдісті қолдану туыстық жағынан бір - біріне
жақын адамдардың некелесу салдарынан өлі немесе түрлі
кеміс ұрпақ
туатындығын көрсетті. Мұны былай түсіндіруге болады. Туыс
адамдарда, туыс емес адамдарға қарағанда, көбіне ұқсас гендер
болады,
соған
байланысты туыстық некеде түрлі
кемістікті
анықтайтын рецессивті гендерден түратын
гомозиготалы комбинация
171
жиі кездеседі. Сөйтіп, генеалогиялық әдіс медицинада түрлі тұқым
қуалайтын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: