Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 58
квадраттық қателігі 15мкм. Инварлы сымды базистік аспаптардан кейін
ӛлшегіш таспалар мен шынжырлар пайда болды.
1880ж. Эдвард Едерин жоғары дәлдікті сызықтық ӛлшеулердің тұрақты
кернеуде болатын болат таспалы әдісін ұсынады. Бұл базистік аспаптардың
дамуында түбегейлі ӛзгерістерге алып келді.
Сымдармен ӛлшеудің жаңа бағыттары 1887ж ашылды. Рене Бенуа және
Ш. Эд. Гильом «инвар» деп аталатын жаңа қоспаны ойлап шығарды.
Сызықтық ӛлшеулердің алдыңғы қатарлы құралдарының екінші тобын
оптикалық және радиофизикалық дальномер деп бӛлінетін физикалық –
оптикалық аспаптар құрайды.
Қашықтықты оптикалық дальномермен ӛлшеу геометриялық оптика
принциптеріне негізделген. Оптикалық дальномерлер екі топқа бӛлінеді:
тұрақты бұрышты дальномер және тұрақты базисті дальномерлер.
Кеңестік оптикалық дальномерлерді жасауда ілгері қадамдардың бірі
1947ж В.А. Белицин ЦНИИГАиК–пен бірге жасаған ДНБ – 2 насадкалары
болды. Бұдан кейін геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылған алдыңғы
қатарлы оптикалық дальномерлер жасалды. Оптикалық дальномерлер
негізінен
геодезиялық
аспаптық
(теодолит,
тахеометр)
дүрбісіне
қондырылатын насадкалар болып табылады.
Радиоэлектрондық әдістер сәуле және радиолакацияға негізделген, яғни
әртүрлі объектілердің бағыты, қашықтығы және орналасу орны оларға
шағылысқан немесе олардан шыққан сәуле және радиотолқындар бойынша
анықталады.
Электромагниттік толқындардың жер атмосферасында таралуы олардың
тербелісінің ұзындығына байланысты. Сондықтан геодезиялық мақсатта
ұзын толқындардан сантимертлік және милиметрлік толқындарға дейін және
инфрақызыл және кӛрінетін спектр толқындарын пайдаланады.
1930 жылы кеңес академиктері Л. И. Мандельштам және Н.Д. Папалески
қашықтықты
ӛлшеудің
радиотолқындары
фазалық
қатынастарын
пайдалануға негізделген әдістерін ұсынған. Нәтижесінде 30-шы жылдары
КСРО–да бірқатар радиогеодезиялық дальномерлік жүйелері (радиолаг,
радиодальномер, фазалық зонд) жасалып, сынақтан ӛтті. Радиогеодезиялық
дальномерлік жүйелерді конструкциялау және жетілдірудің дамуы бірқатар
жоғары дәлдікті геодезиялық радиодальномерлердің жасалуына алып келді.