Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 121
координаталарын, гравитациялық және басқа да ӛрістерді жоғары
дәлдікпен ӛлшеуге мүмкіндік береді.
Геодинамикалық полигондардың әдістемелік жағынан алғанда үлкен
ерекшелігі - жұмыс шағын аймақтарды қамтыса да, ондағы ӛлшеулер
сапасының жоғарылығы және жылдамдығы, яғни әртүрлі аспаптық
тәсілдер кешенін жиі қолдануы.
Сӛйтіп, жер қыртысының геофизикалық алаңдарын, құрылымы мен
бедерін ӛлшеулер арқылы жер бетінің деформациялануын ӛте жоғары
дәлдікпен егжей-тегжейлі зерттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ГДП
жер беті бедерінің экзогендік деформацияларының динамикасы мен
тектоникалық текті деформациялардың жүйесіздік сипаттамасын жан-
жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, геодинамикалық полигондардың ғаламдық маңызды
мәселелерді шешуде де ықпалы зор. Мәселен, ГДП жүйесі күрделі
тектоникалық
блоктардың
түйіскен
зоналары
бойынша
негізгі
қозғалыстардың уақыт аралығы мен кеңістіктегі ӛзгерістерін зерделеуге де
мүмкіндік жасайды.
Пландық және биіктік геодезиялық құрулар пункттерін ГДП да
орналастыру әртүрлі геодезиялық және геофизикалық мәселелерді шешуді
қамтамасыз етеді. Годезиялық құрулар
жергілікті ,
аудандқ және аймақтық болып үш түрге бӛлінеді. Тектоникалық жарылымдар бар
жерде құрылған геодезиялық құруларды -
жергілікті , күшті жер сілкіністер
эпицентрі бар жерлерде –
аудандық , ал күрделі геологиялық
құрылымдардағыны –
аймақтық деп атайды.
Жергілікті және аудандық пландық тораптар бұрыштық, сызықтық-
бұрыштық және сызықтық түрлерде құрылады. Мұнда қабырғалардың
ұзындығы орташа 1,5 км дей болса, онда бұрыштық тораптар құрылады.
Қаырғаның орташа ұзындығы1,5 км ден 10 км дейін болса, онда сызықтық-
бұрыштық және қабырғаның орташа ұзындығы 10 км артық болғанда -
сызықтық тораптар құрылады.
Жергілікті және аудандық биіктік тораптары трассаларда 1- және 2-
кластық сызықтар түрінде немесе перметрлері 40 км ге дейінгі және одан
асатын полигондар түрінде құрылады. Аймақтық учаскелерде 1- кластық
сызықтары 400-1000 км полигондармен құрылады және 2-кластық
ұзындықтары 300-600 км полигондармен құрылады.
Жергілікті құруларда пландық және биіктік жүйелердің пункттері
сәйкес келуі мүмкін. Бірыңғай координаталар жүйесін алу үшін, ГДП дағы
геодезиялық мемлекеттік тораптар мен биіктік нивелирлеу тораптары
пункттер біріктіріледі.
Жер сілкіністерін болжау үшін болжамдық геодинамикалық
полигондар құрылады. Олар жер сілкінісі болатын кездер туралы мағлұмат