6- тақырып. Қоғамның саяси жүйесі.
Дəріс мақсаты:
1.
Саяси жүйе ұғымына түсініктеме.
2.
Саяси жүйелерді салыстырмалы талдаудың мəні мен маңызы.
3.
Саяси тұрақтылық пен саяси тəртіп.
Негізгі ұғымдар:
Саяси жүйе, саяси қазыналар, бейсаясаттық, бейтараптылық, саяси институттар,
саяси тұрақтылық, децентрализация, дискуссия, догматизм, доктрина, импичмент,
инауграция, инновация, модернизация, институализация, интеграция.
Дəріс мазмұны:
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX
ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттану-Іпысы Давид Истон ойлап тапты. Ол
саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен
«кіріс», «шығыс» принциптері аркылы байланысады.
Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан əрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары
көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін
алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады.
Алайда ол келеңсіз зардаптарға əкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс
саясаттанушыларының арасында саяси мəдениеттің жағдайына карай, құндылыктар
жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын -
америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай
индустрияланған, тоталитарлық.
Қоғамның саяси жүйесі – деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тəртіпті
қамтамасыз ететін, əлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси
өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Себебі,
мемлекеттік істер алға койған мақсатты амал-əдістерді оларға жету жолдарын қамтитын
арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен
қатар оны жүйе дейді. Себебі оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету
үшін басқалармен бэсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мəмлеге келетін мемлекеттік емес
көптеген ұйымдарда кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті,
тұтастықты білдіреді. Сонда саяси жүйенің құрлымы қандай? Зерттеушілер оның
мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1. Саяси институттар. 2. Саяси қатынастар. 3.
Саяси ережелер. 4. Саяси мəдениет. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді.
Олар рөлі əсіресе феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігінде
өздеріне қаратқысы келді.Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң
шығарушы, атқарушы, сот билігінде құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик
шіркеуінің XIX ғасырда өздеріне карсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция
ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-сургінге салып , біразын
тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының əсері əлдеқайда
бəсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кенестер Одағы кезінде
олар қатты қүдаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қазақстан Ресапубликасы
Конститутсиясының 10-бабында: «Республика азаматтарының сөз,сенім бостандығына
жəне олардың еркін білдіруге құқы бар.Ешкімді де өз сенімін білдіруге мəжбүр етуге не
сенімі үшін қудалауға болмайды», - делінген. Қайткен күнде де соңында миллиондаған
дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды. Жоғарыда көрсетілген
ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы
бар. Кəсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз.
Олардың қатарына жастар одағын,еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға
болады. Солармен қатар биліктен алшақ, дегенмен белгілі-бір жағдайларда оған ықпал
да жасай алатын ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы,
ғылыми-техникалық қоғамдар, көптеген ерікті, спорт, мəдени жəне т.б. ұйымдар
жатады. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар кұрайды. Оған таптардың,
этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы
қатынастар кіреді. Олардың (экономикалық,ұлттық діни, жанұялық т.б.) қатынастан
айырмашылығы мұнда олардың саяси жəне мемлекеттік билікке қатынасы көрініс
береді. Біз осыған дейін мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен
қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҮ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО жəне т.б.), екі
жақты (Шығыс пен Батыс қатынастары) болуы да мүмкін.
Қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бұл Саяси тəртіп деп саяси билік, қогамды
басқарудың əдіс тəсілдер жиынтыгын, азаматтирдың қуқықтарымен еркіндіктерініқ
демократиялык, дəрежесін айтады. Казіргі саяси тəртіптерді демократиялык жəне
демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі.
Демократиялық тəртіпке халыкты биліктің кайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік
істерді шешуге кұкык берілген жəне ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктін түрі,
коғамның мемлекеттік-саяси кұрылысы жатады. Антидемократиялык, тəртіп
тоталитарлык жəне авторитарлық болып бөлінеді.
|