Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ

Негізгі ұғымдар
можаритарлық, пропорциональды, депутат, оппонент, сайлау науқаны, аймақтық 
сайлау құру, тікелей жəне жанама сайлау, 
сайлау құқығы. 
Дəріс мазмұны: 
1.
 
Сайлау түсінігі. 
Əр мемлекеттердегі саяси режимнің əр түрлілігіне (оның ішіне 
авторитарлық, диктаторлық та кіреді) байланысты сайлау жүргізіліп отырады. Сайлау
жүргізілгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру қағидалары мемлекеттегі 
демократизмнің деңгейін сипаттайды. Өкілдік органдарды қалыптастыру кезінде үш 
негізгі басты түсініктер қолданылады. Олар: сайлау, сайлау жүйесі, сайлау құқығы. Кең 
мағынадағы сайлау азаматтардың өз еркімен, бірнеше немесе екі кандидатты немесе
саяси партияны сайлау мүмкіндігі.
Адамзат қоғамындағы ежелгі институттардың бірі сайлау институты. Сайлаудың 
бір нысаны қауымдық қоғамда, Римде құл иеленушілік қоғамында мемлекеттіліктің 
қағидасына ие болып, капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуымен республикалық 
басқару нысанының пайда болуымен байланысты сайлау ерекше маңызға ие болады. 
Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің ажырамас бөлігі болып 
табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің деңгейін анықтайды.
Демократиялық елдердегі сайлау тұрғындардың еркінің негізгі нысанын, халық 
суверенитетін жүзеге асырудың нысанын конституциялық қағидаларының бірі ретінде 
көрсетеді.
Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бірі сайлау құқығы. 
Тəжірибе жүзінде сайлау саяси процестің жарыссөздігі, саяси күрестердің рұқсат


берілген нысаны, оны жүзеге асыру кезінде конституциялық бекітудің шегінде 
қамтамасыз етілген құрал. Сайлау құқығы конституциялық құқықтың ең маңызды 
институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделі саяси
күрес. Сайлау құқығы əдет-ғұрып тəжірибесінде қалыптасқан, адамзатқа сайлауға 
қатысу құқығын беру тəртібін реттейтін өкілеттік билік органдарын қалыптастыру 
тəсілдерінің ережелерін заңды санкцияландырылған құқық нормаларынан тұратын 
конституциялық құқықтың негізгі институты.
Сайлау —
бұл бұқаралық билік органының құрылу процедурасы немесе 
лауазымды тұлғаларға өкілеттік беру.
Сайлауды келесі түрлерге жіктеуге болады:

тікелей сайлау;

жанама сайлау;

жалпы, мұнда елдің барлық сайлаушылары қатысады;

қосымша жəне бөлше, олар жеке депутаттардың алдын-ала шығуына 
байланысты территория бөлігінде өткізіледі;

ұлттық, аймақтық, жергілікті;

қайта дауыс беру;

кезекті;

униноминалды 
(əрбір төңіректен бір тұлға сайланады) жəне
полинноминалды 
(төңіректен бірнеше тұлға сайланады) яғни ол мандаттар санына байланысты;
Жоғарыда аталған сайлау түрлері Конституцияда бекітіледі жəне сайлау туралы 
заңда реттеледі.
Шетел Конституциялары сайлау жүргізудің кезеңділігімен де анықтайды. Ол 
парламент үшін 4-5 жылды, ал президенттер үшін 5-7 жылды құрайтын сайлау 
органдарының өкілеттілік мерзімдерімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет