Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ

2.
 
«Сайлау құқығы» 
термині 2 мағынада қолданылады: 
Объективті сайлау құқығы 
бұқаралық билік органдарының сайлау жүргізу мен құқықтық нормалар жүйесі. 
Субъективті сайлау құқығы 
— сайлауға қатысу мен байланысты азамат пен басқа 
субъектілердің заңдық мүмкіндіктері.Сайлау құқығының негізгі қағидаларына:жалпы, 
тең, тікелей, жанама, ерікті, міндетті, құпия дауыс беру.

Жалпы сайлау құқығы-белгілі жасқа жеткен жəне құқықтары бар азаматтарға 
сайлау құқығы.Сайлау құқығы белсенді жəне белсенді емес болады.Белсенді сайлау 
құқығы 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.Белсенді емес сайлау құқығы 
Конституция жəне Заңмен бекітілген.

Тең сайлау құқығы сайлаушылардың тең мүмкіндіктерін білдіреді.

Тікелей жəне жанама сайлау тікелей сайлау немесе жоғарғы лауазымға сайлану 
құқығы, сайлаушының сайлаушылар коллегиясының мүшесін сайлау құқығы.

Сайлауға еркін қатысу сайлаушының дауыс беру процесіне қатысуы жəне 
қатыспауын өзі шешетіндігі.
Сайлау процесі – бұл сайлауды дайындау жəне жүргізу бойынша дауыс беру 
құқығының нормалармен реттелген түрлі субъектілер іс-əрекеті. Ол бірнеше 
кезеңдерден тұрады:

сайлауды тағайындау
яғни дауыс беру күнін белгілеу Парламенттік сайлау 
тəртіп бойынша президентпен тағайындалады, ал Президентті сайлау Парламенттің бір 
палаталарымен тағайындалады;

аймақтық сайлау құру, 
яғни территориялдық бірліктен бір немесе бірнеше 
депутат, лауазымды тұлға сайланады. Аймақтың сайланушы депутаттар санына 
байланысты аймақтар бір мандатты жəне көп мандатты болып бөлінеді;

Сайлау учаскелерін құру. 
Сайлау учаскелері дауыс беру бірлігі. Сайлау 
округтері құрылғаннан кейін, олар көптеген ұсақ бірліктерге бөлінеді. Сайлау


учаскелері қаладағы аумақтың жəне селолық жерлердегі тұрғындардың пунттерін 
қамтып, сонда тұратын сайлаушылардың дауыс беруін қамтамасыз етеді.

Сайлаушыларды тіркеу 
— сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 
тізімін жасау. Оны жүзеге асыру түрлері: міндетті (тізімді сəйкестелген органның 
жасауы. Мысалы: алдын-ала тіркелуі (сайлаудан 1 жыл бұрын тізімі жасалып, кейіннен 
өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мысалы: Канада, Ұлыбритания); өз ерікті (сайлаушы 
сəйкестелген органға өзі келіп тіркеледі).

Кандидаттарды ұсыну 
— сайлау өтпей тұрып кімді сайлайтынын анықтауды 
қажет ететін, сайлау процесінің жауапты кезеңі. Негізгі əдістері: саяси партиялардың 
ұсынуы, сайлаушылардың ұсынуы, өзін-өзі ұсыну.

Сайлау алдындағы үгіт 
— насихаттың нысандары: митинг, кандидаттардың, 
оның жақтаушылары мен оппоненттерінің радиодан, теледидардан сөйлеуі, баспасөзде 
мақала жариялауы; кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі; кандидаттардың 
арасындағы теледебаттар; баспа өнімдерін тарату жəне т.б.

Сайлауды қаржыландыру: 
жартылай мемлекеттік бюджеттен; жартылай саяси 
партиялардың қаржысынан; жартылай кандидаттың өзінің сайлау қорынан беру арқылы 
жүзеге асырылады.

Дауыс беру 
— сайлау науқанының шыңы. Дауыс беру сайлау тағайындалған 
күні сайлау учаскелері бойынша арнайы мекемелерде жүргізіледі.

Дауысты санау. 
Алдымен сайлау учаскелерінде, одан кейін сайлау 
округтерінде (сайлау учаскелері оларға өздерінің мəліметтерін жібереді жəне онда олар 
округ бойынша қосылады); округ бойынша дауыс беру нəтижесі аумақтық сайлау 
комиссиясына жіберіліп, онда қорытынды жасалады; шығарылған қорытынды аумақтық 
сайлау комиссиясына жолданып, онда бүкіл ел бойынша сайлаудың қорытындысы 
шығарылады. Сайлау қорытындысы сəйкестелген мемлекетте қабылданған сайлау 
жүйесі бойынша анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет