Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


Авторитарлық-бюрократиялық режим



Pdf көрінісі
бет19/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ

Авторитарлық-бюрократиялық режим. 
Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, əсіресе саяси
өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тəн. Режимнің ең маңызды
саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен əлеуметтік дағдарыстың 


таптардың, этникалық, əлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін 
қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы 
тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, əлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды
үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады. 
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын 
шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. 
Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы 
мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға 
деген тенденция пайда болады. 
Авторитарлық-əскери режим. 
Əскери төңкеріс нəтижесінде билікке келген əскерилер қалыптастырған режим.
Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу жəне төтенше, əскери тəртіптерді орнатуға 
ұмтылу тəн. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары 
болмайды, қоғамда төтенше заңдар əрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы 
шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады. 
Алайда əскерилер экономиканы тиімді басқара жəне əлеуметтік мəселелерді 
жемісті шеше алмайтындықтан, əскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады. 
Сонымен қатар əскери режим үшін негізгі қауіпті əскерилер арасындағы жікшілдік 
тудырады. Қатардағы əскери бұқараға жақын тұрған атаққұмар полковниктер төңкеріс 
жасау арқылы генералдарды билік басынан тайдыруы мүмкін. 
Əрине, əр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек 
жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де əсерін 
тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет