қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі,
балама үміткердін, болуы,
тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық
бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды
тетіктерін табуы жəне т. с. с.
Демократия болу
үшін
саяси,
экономикалық,
құқықтық,
мəдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне əр түрлі
демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық
қоғам мен құқықтық
мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, əділдік,
еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың
билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған
жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған
жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.
Демократияның классикалық теориясы антикалық дəуірден бастау алады. Бірақ
өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бəрі де саяси шешімдерді қабылдауға
қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж.
Руссо жан-жақты қарастырады.
Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше
саналы іс-əрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар
жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне
айналады жəне ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бəрі бас қосқан сайыстан
кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі.
Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке
жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия əлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік»
теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық,
тілек барлық халықтың
еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кəсіби топтар. Демек, демократия
ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты
сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады.
Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тəсіл –
Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бəсекелік күрес
нəтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде,
басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бəсекелік күрес жүреді, ал халық
бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай
керек:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман
өкілдер тобы болуға тиіс.
Саяси органдар халық, негізінен, жақсы
қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта
алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді
болмайды.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын
дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап
өкілдерінен құралуы тиіс.
Саяси теорияның ғана емес, саяси мəдениеттің де
элементі болып табылатын
демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы əрбір
адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: